Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, қабылданған алдын алу шараларының нәтижесінде соңғы 5 жылда тіркелген істер саны 5,5 есеге төмендеген.
Қаржылық мониторинг агенттігі 2019 жылдан бастап заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактілері бойынша 1 148 істі қарады. Оның ішінде 849 адамға қатысты 940 іс аяқталды.
Жыл сайын анықталатын заңсыз ойын терминалдарының саны 16 есе: 1260-тан 76-ға дейін азайды.
Сондай-ақ, биыл TikTok желісінде құмар ойындардың онлайн трансляциясы жанданды. Құмар ойындарына қатысушылардың басым бөлігі – кәмелетке толмағандар.
Оқи отырыңыз: "Бәрін сатып жібердім". Құмар ойынға салынған әйелдің хикаясы.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде ұйымдастырушылардың 177 аккаунты анықталды. 10 ұйымдастырушыға қатысты 5 қылмыстық іс қозғалып, оның үшеуі бойынша үкім шықты. Қалған істер бойынша тергеу жалғасуда.
4 адам 4 жылға бас бостандығынан айырылса, 2 адам 1,5 жылға бас бостандығынан шектелді.
Бұдан былай TikTok платформасының жасанды интеллектісінің жұмысы жолға қойылады. Заңсыз контент эфирі жедел бұғатталатын болады.
Оқи отырыңыз: Министрлік: Елімізде ойын мекемелерінің саны 50 еседен аса қысқарды.