Тікелей эфир

Министрлік: Елімізде ойын мекемелерінің саны 50 еседен аса қысқарды

Ойын бизнесі туралы заңнамаға 62 түзету әзірленді.

2023 жылдың басынан бастап мәдениет және спорт министрлігі ойын бизнесі саласындағы 6 лицензияның күшін сот тәртібімен жойды. Осыған ұқсас тағы 7 ұйымға қатысты жұмыс жүріп жатыр. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. 

2022 жылы мемлекеттік бақылау аясында жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, 7 әкімшілік іс қозғалды. Нәтижесінде бір ойын залы лицензиядан айырылды. Бірінші инстанция соттың шешімімен үш залдың қызметі тоқтатылды, 6 әкімшілік айыппұл салынды. Бұған қоса, алдын алу жұмыстардың қорытындысы бойынша 15 букмекерлік лицензияның күші жойылды. 

"Қазіргі уақытта мәдениет және спорт министрлігінің тікелей қатысуымен ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі саласындағы заңнамаға, сондай-ақ ілеспе нормативтік-құқықтық актілерге 62 түзету енгізуді көздейтін 3 заң жобасы әзірленді. Бұл шаралар заңнаманы бұзғандарға жауапкершілікті күшейтуге, жағымсыз әлеуметтік және экономикалық салдардың алдын алуға және ескертуге бағытталған", - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Елімізде ойын мекемелерінің саны 50 еседен аса қысқарды. Бұған дейін елде 140-қа жуық казино мен 2000-нан астам ойын автоматы залы болған.

Бүгінгі таңда 39 лицензияланған мекеме қалды, олар: 

  • 6 казино;
  • 10 ойын автоматы залы;
  • 17 букмекерлік кеңсе;
  • 6 тотализатор. 

Министрлік депутаттар тобымен бірлесіп заңсыз ойын бизнесімен және құмар ойындардың таралуымен күресу бағытында қосымша заңнама әзірлеп жатыр.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары