Тікелей эфир

Қару, оқ-дәрі, діни әдебиет. Қазақстан шекарасы арқылы тамызда тағы не алып өтпек болған

Тамызда 36 шетел азаматы шекараны бұзса, тағы 48 адам шекараны бұзуға әрекет жасаған.

2024 жылғы тамызда Қазақстанның шекара қауіпсіздігіне қатысты заңнамаларын бұзған 4 985 адам ұсталды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі. 

Оның ішінде 36 шетел азаматы шекараны бұзса, тағы 48 адам шекараны бұзуға әрекет жасаған.

Шекара қызметінің мәліметінше, Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз зат алып өтудің 1 746 дерегі тіркелген. Олардың ішінде есірткі заттар, қару мен оқ-дәрі және діни әдебиетті заңсыз алып өткісі келгендер болған. Толық тізімі: 

  • 48 – есірткі заттары;
  • 103 – ату қаруы мен оқ-дәрілер (11 түрлі мылтық пен тапанша, 99 бірлік суық қару, 464 оқ-дәрі);
  • 27 – діни әдебиет (492 дана);
  • 664 – жалпы сомасы 108 млн теңгеден асатын жанар-жағар май материалдары (107 000 литрден астам);
  • 729 – жалпы сомасы 3,5 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
  • 175 – жалпы сомасы 1,6 млрд теңгеден астам валюта.

Оқи отырыңыз: Өткен айда Қазақстан шекарасында 4 300-ден астам адам ұсталды


"Каспий акваториясында 7 дана жүзу құралдары, 8,3 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары, 14 дана (50,5 кг) бекіре тұқымдас балықтар, 311 дана (716 кг) ұсақ тұқымдас балықтар, 38 дана су тасбақасын заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды. Алды алынған залал сомасы 19,4 млн теңгені құрайды", – делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Серіктестер жаңалықтары