Тікелей эфир

Өткен айда Қазақстан шекарасында 4 300-ден астам адам ұсталды

55 шетел азаматы шекараны бұзғаны

2024 жылғы маусым айында шекара кеңістігінде Қазақстан заңнамасын бұзған 4 337 адам ұсталды, деп хабарлады ҰҚК Шекара қызметі.

Соның ішінде:

  • 55 шетел азаматы шекараны бұзғаны;
  • 35 шетел азаматы шекараны бұзуға әрекеттенгені үшін ұсталды.

Мемлекеттік шекара арқылы 1 639 заңсыз алып өту фактісінің алды алынды, соның ішінде:

  • 46 – есірткі заттары, жалпы салмағы 14 кг жоғары;
  • 48 – ату қаруы мен оқ-дәрілер (1 дана ату, 6 дана зақым келтіру және 459 дана суық қарулары, 172 дана оқ-дәрі);
  • 30 – діни әдебиет (692 дана);
  • 553 – жалпы сомасы 14 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (45 000 литрден астам);
  • 726 – жалпы сомасы 2,2 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
  • 236 – жалпы сомасы 1,9 млрд теңгеден астам шетел валютасы.

Каспий акваториясында 34 браконьерлік фактінің алды алынды, сонымен қатар:

  • 18 дана жүзу құралы;
  • жалпы ұзындығы 32,5 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралы;
  • 20 дана (71,3 кг) бекіре тұқымдас балық;
  • 12 905 дана (24 896 кг) таза тұқымдас балық;
  • 47 дана суда жүзетін тасбақа;
  • 9 дана суда жүзетін құс;
  • 1 дана каспий итбалығы.

Алды алынған залал сомасы 147 миллион теңгені құрайды.

Бұл фактілер бойынша материалдар құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары