Тікелей эфир

Қаракөлде аққудың жаппай қырылуына байланысты көлге адамдардың келуі шектеледі

Мамандар қалада адамдар аяқ киімінің табаны арқылы вирус таратуы мүмкін екенін атап өтті.

Сарапшылар соңғы 16 жылда аққулардың жаппай қырылуын алғаш рет көріп отыр. Тұрғындар мен туристер ауруды тасымалдаушыларға айналуы мүмкін болғандықтан, Қаракөл көліне келмеуі сұралды. Бұл туралы мамандар "Қарақөлдегі аққулардың қырылуы туралы" тақырыбындағы тікелей эфирде айтты.

Жыл сайын Маңғыстау жағалауында 15 мыңға жуық аққу қыстайтыны айтылады. Бірақ сарапшылар аққулардың мұндай жаппай қырылуын соңғы 16 жылда алғаш рет көріп отыр.

"Біз құстардың басқа түрлерінің жаппай қырылуын көрдік. Екі жыл бұрын шағалалардың жаппай қырылуы болды. Ауру құсты таңдамайды: келді, болды. Қазір тек аққулар ғана өліп жатыр", – деп атап өтті орнитолог Виктория Ковшарь.

Мамандар көлдің құс тұмауының ошағы екенін атап өтті. Олар адамдардың неге ол жаққа бармауы керектігін түсіндірді.


Оқи отырыңыз: Маңғыстау облысының Қаракөл қаумалында аққулар жаппай қырылып жатыр


"Кез келген құс бұл вирустарды қалдықпен шығарады, ол қалдық суда, ал құс жағалауға шыққанда су жағасында болады. Құстардың жаппай қырылуы әрқайсымызды алаңдатады, барлығы көмектесуді қалап, су жағасына келеді. Келген адам вирусты аяқи киімінің табанына "жабыстырып", қалаға, ауылға тарата астайды. Одан кейін торғай, көгершін сияқты құстар ауыра бастайы. Олар өлмейді, бірақ тасымалдаушы болып саналады. Мен үйде ұстайтын құстар үшін алаңдаймын", – деді Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Темірбек Нұртазин.

Серіктестер жаңалықтары