Жергілікті ветеринарлық станция мен алматылық мамандар құстардан сынама алған. Зерттеу нәтижесінен соң аққулардың неден өлгені нақты белгілі болмақ, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Орман шаруашылығының инспекторлары аққулар қорек таппай, қырылып қалған деген болжам жасады. Нақтырақ айтқанда, күн күрт суытқанда көл жағасында мұз қатқан. Жағаға шыққан қанаттылар аш қалып, қатты аяз бен желге шыдай алмаған. Қаракөлге аққулар қыстау үшін ұшып келеді.
"Кеше құсты жарып, кесіп қараған кезде аққу балапандары әлі май жинап үлгермеген. Тіпті май жоқ, жұқа май ғана бар сыртында. Үлкен аққуларда да май өте жұқа. Осы кезде олар май жинап, қысқа дайындалып келу керек", – деді Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғаббас Досатов.
Оқи отырыңыз: Құстардың ұшақтарға соғылуы: Жануарлардың мінез-құлқын зерттейтін комитет құрылады