Қар, тұман, көктайғақ: 15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 26 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан тағы да солтүстік-батыс циклонының ықпалында болады.

Солтүстік-батыс циклон ойпатымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер ауа райының тұрақсыздығын тудырады. Қар жауады, ал республиканың оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Елдің оңтүстігінде ғана антициклон сілемі негізінен жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды. Республика бойынша жаяу бұрқасын, тұман, екпінді жел, елдің батысында көктайғақ күтіледі.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасының түнде 3-15 аязға дейін, күндіз 6 аяз -5 градус жылуға дейін көтерілуі болжанады , елдің батысында ғана температуралық режимде күрт өзгерістер күтілмейді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары