Қазақстанның оңтүстік тұсында ауа райына байланысты жолдар жабылады, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол".
Баспасөз қызметінің мәліметінше, ауа райының нашарлауына байланысты таңертеңгі сағат 7-ден бастап "Алматы-Тау турбазасына кіреберіс" Республикалық маңызы бар автожолының Жүздібастау кентінен Бесқайнарға дейінгі 0-ден 15 км-ге дейінгі учаскесі жабылды. Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін қолданылады.
Жамбыл облысы. Сағат 9:00-де "Алматы-Ташкент-Термез" республикалық маңызы бар автожол учаскесінде Айша-бибі кентінен Түркістан облысының шекарасына дейін 534-тен 593 км-ге дейін автокөліктің барлық түріне шектеу енгізілді.
Оқи отырыңыз: 200 миллион теңге: "ҚазАвтоЖолдың" бұрынғы төрағасы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды
Түркістан облысы. Сағат 09:00-де "Алматы-Ташкент-Термез" республикалық маңызы бар автожол учаскесінде Жамбыл облысының шекарасынан Қарабұлақ ауылына дейін 593-тен 674 км-ге дейін автокөліктің барлық түріне шектеу енгізілді.