Тікелей эфир

"Қаңтардан нашар": Наурызда ҰБТ тапсырғандардың 22 пайызы шекті балл жинай алмады

Тес тапсырушылардың орташа көрсеткіші – 70 балл, бұл қаңтардағы ҰБТ нәтижесінен 6 балға төмен.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы наурыз айында өткен ҰБТ нәтижесін таныстырды. Қаңтарда өткен ҰБТ қорытындысымен салыстырғанда, нәтиже әлдеқайда төмен.

Наурыз айынды ұлттық бірыңғай тестілеу сынағына республика бойынша 111 мыңға жуық талапкер қатысты. Сынақты олардың  75 пайызы қазақ тілінде, 25 пайызы орыс тілінде және 141 адам ағылшын тілінде тапсырған.

  • Талапкерлердің 78 пайызы шекті балл жинады (қаңтарда – 83%).
  • Орташа көрсеткіш – 70 балл (қаңтарда – 76 балл).
  • Ең жоғары балл – 136 (қаңтарда – 139 балл).
Инфографика: ҰТО

Оқи отырыңыз: 3-8 сәуірдегі ҰБТ-ға тегін дайындық сабақтар кестесі


Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, ҰБТ-ға наурызда 237 ерекше білім беру қажеттілігі бар бала қатысқан.

Тестіленушілердің басым бөлігі, яғни 19 пайызы "Математика-Физика", 19 пайызы "Биология-Химия" комбинацияларын таңдаған. IT бағыттарға түсуге қажетті жаңа "Математика-Информатика" комбинациясын ҰБТ-ға қатысушылардың 11 пайызы тапсырған.

"Тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тестілеуден өту мүмкіндігінен 85 талапкер айырылса, тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 109 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылған. Бөгде тұлғалар анықталмады" делінген ҰТО хабарламасында.


Оқи отырыңыз: 


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары