Бүгінгі күні қылмыстық сот өндірісінде 19 шетел азаматына қатысты іс бар. Ұсталған шетел азаматтарының басым көпшілігі – Өзбекстан азаматы, деп мәлімдеді қылмыстық қудалау қызметінің басшысы Серік Шалабаев
"Бүгінгі күні бізде қылмыстық өндіріс бойынша жалпы 19 шетелдік азамат бар. Оның басым көпшілігі, 11-і – Өзбекстан азаматы. Төртеуі – Ресей, екеуі – Қырғызстан және бір-бір адамнан – Қытай Халық Республикасы, біреуі – Тәжікстаннан", – деді Серік Шалабаев.
Сондай-ақ, ол тергеу жүріп жатқандықтан, мәліметтердің өзгеретінін атап өтті.
Оқи отырыңыз: Абзал Құспан: Бейбіт митингілерді жаппай тәртіпсіздікке ұластырған топтардың болғанына көзіміз жетті
"Бұл азаматтардың іс-әрекеті бүгінгі күні жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін және ұрлық, басқа да қылмыстармен дәлелденеді. Бұл мәліметтер, әрине, түпкілікті емес. Тергеу жүріп жатыр. Өзгеруі мүмкін", – деді Серік Шалабаев.
Еске салсақ, бас прокурор тергеудің заңсыз тәсілдерін қолдану фактілері бойынша 234 істің қаралып жатқанын мәлімдеген еді. Қаңтар оқиғасына байланысты барлығы 3 770 қылмыстық іс қозғалған.