Тікелей эфир

Бас прокурор: Тергеудің заңсыз тәсілдерін қолдану фактілері бойынша 234 іс қаралуда

Барлығы 3 770 қылмыстық іс қозғалды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке опасыздық жасау, билікті басып алуға әрекет ету және аса ірі мөлшерде пара алу бойынша 15 істі тергеп жатыр, деп мәлімдеді ҚР бас прокуроры Берік Асылов. 

"Аталған фактілер бойынша, барлығы 3 770 қылмыстық іс қозғалды. Басым бөлігі, ішкі істер министрлігінің өндірісінде, олар – адам өлтіру; ұрлық; қарақшылық; бұзақылық; қару ұрлау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, тергеудің заңсыз тәсілдерін қолдану фактілері бойынша 234 істі жүргізуде. Ұлттық қауіпсіздік комитеті: – мемлекетке опасыздық жасау, – билікті басып алуға әрекет ету және – аса ірі мөлшерде пара алу бойынша 15 істі тергеуде", – деді бас прокурор. 

Берік Асылов аталған істер бойынша ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Масимовтан бөлек оның үш орынбасарының сот санкциясымен қамауға алынғанын айтты. 

"Осы органның тағы 2 басшысы, билікті асыра пайдалану күдігімен, қылмыстық жауаптылыққа тартылуда. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің істеріне, "өте құпия" деген белгі берілді. Осыған орай, тергеу нәтижелерін жан-жақты жария ете алмаймыз. Ішкі істер министрі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы, өздерінің қылмыстық істері бойынша баяндама жасайды", – деп сендірді Берік Асылов. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары