USDUSD: 502.9 / 507.9
  • EUREUR: 524.5 / 530.5
  • RUBRUB: 5.37 / 5.49
Тікелей эфир
Алматы +1C
  • +1°C Алматы
  • -16°C Астана
  • -3°C Ақтау
  • -15°C Ақтөбе
  • -12°C Атырау
  • -12°C Балқаш
  • -15°C Жезқазған
  • -14°C Қарағанды
  • -11°C Көкшетау
  • -17°C Қостанай
  • -5°C Қызылорда
  • -17°C Павлодар
  • -17°C Петропавл
  • -17°C Семей
  • -8°C Талдықорған
  • +1°C Тараз
  • +2°C Түркістан
  • -21°C Орал
  • -20°C Өскемен
  • +2°C Шымкент
Алматы +1C
  • +1°C Алматы
  • -16°C Астана
  • -3°C Ақтау
  • -15°C Ақтөбе
  • -12°C Атырау
  • -12°C Балқаш
  • -15°C Жезқазған
  • -14°C Қарағанды
  • -11°C Көкшетау
  • -17°C Қостанай
  • -5°C Қызылорда
  • -17°C Павлодар
  • -17°C Петропавл
  • -17°C Семей
  • -8°C Талдықорған
  • +1°C Тараз
  • +2°C Түркістан
  • -21°C Орал
  • -20°C Өскемен
  • +2°C Шымкент

Қалың қар мен боран: Қазақстан-Ресей шекарасында көлік кептелісі пайда болды

Кептеліске ауа райы себеп болған.

Қазақстан мен Ресей шекарасындағы "Сырым" өткізу бекетінде қалың қар мен боранға байланысты 500-ге жуық жүк көлігі кептеліп тұр, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, кептеліс 13 желтоқсанға қараған түні басталған.

"Сырым" авткөлік өткізу пунктінде Ресейге қарай 450-500 жуық жүк көлігі жиналып қалды. Кептеліске Батыс Қазақстан облысы мен Ресейдің Самара облысында ауа райының нашарлауы –  қалың қар, боран, көктайғақ себеп болып отыр", – делінген хабарламада.

Ресейдегі федералды трассаларда қозғалыс уақытша шектелген.

"Шектеу шамамен бүгін сағат 22:00-ге дейін алынбайды. Осыған байланысты жүк көліктері қозғалысын жалғастыра алмайды. Олар күннің ашылғанын күтіп отыр", – делінген хабарламада.

Жүргізушілерге, сонымен қатар басқа облыстардағы жақын маңдағы өткізу бекеттеріне бару ұсынылған.

Серіктестер жаңалықтары