Тікелей эфир

Қай елде зейнетақы мөлшері жоғары?

Еңбекақыға зейнетақысының 2,64 коэффициенті теңестірілген елдер қатарында Қазақстан 9 орында орналасқан.

БҰҰ мәліметіне сәйкес, қазіргі таңда әлемде жасы 60-қа келген адамдар саны – 1 миллиард. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда, 300 миллионға көп. Ұйымның болжамынша, егде жастағы адамдардың жасы алпыстан асқан халық саны 2050 жылға қарасты 1,5 млрд адамға дейін өсуі мүмкін.

Әр елдегі зейнетақы мөлшері

Орташа еңбекақымен салыстырғанда, ең үлкен зейнетақы Түркия, Жапония және Канадада. Ал ең төмен зейнетақы төлемдері Оңтүстік Корея, Сингапур және Чилиде. Еңбекақыға зейнетақысының 2,64 коэффициенті теңестірілген елдер қатарында Қазақстан 9 орында орналасқан.

Ел

Орташа еңбекақы, теңге

Орташа зейнетақы, теңге

Еңбекақыға теңестірілген зейнетақы коэффициенті

Түркия

224 900

198 800

1,13

Жапония

1 268 400

656 300

1,93                                    

Канада

1 647 000

827 000

1,99                                    

Италия

1 263 900

592 000

2,13  

Бразилия

202 600

94 000

2,16  

Израиль

1 593 700

732 600

2,18  

Франция

1 495 300

641 300

2,33  

Норвегия

2 388 300

1 006 000

2,37  

Қазақстан

263 900

100 000

2,64  

Кытай

503 200

171 400

2,94  


Оқи отырыңыз: Әйелдердің зейнет жасын 58-ге қысқарту мәселесін арнайы жұмыс тобы қарап жатыр


Әр елдегі зейнет жасы

Ерлер зейнетке – 60-67, ал әйелдер 58-67 жас арасында шығады. Бәрінен ерте зейнетке Түркияда шығады: ерлер – 60, ал әйелдер – 58 жаста.

  • АҚШ, Италия және Израильде ерлер зейнетке кеш шығады – 67 жас;
  • Италияда әйелдер – 67 жас;
  • Ұлыбритания мен Австралияда – 66 жаста.

Басқа елдермен салыстырғанда, Оңтүстік Корея мен Сингапурде ерлер ұзақ өмір сүреді – 18 және 17 жыл. Ал әйелдер Қытай мен Оңтүстік Кореяда ұзақ өмір сүреді – 25-24 жас. Бразилияда керісінше зейнетке шыққан ерлер аз өмір сүреді – 6 жас, ал әйелдер Үндістанда – 12 жыл.


Оқи отырыңыз: Зейнетке шығу үшін құжаттарды қалай дұрыс жинау керек?


Әр елдің зейнеткерлері қанша өмір сүреді?

Ел

Халықтың өмір сүру ұзақтығы

Зейнет жасы

Зейнеткерлер қанша жыл өмір сүреді

Ерлер

Әйелдер

Ерлер

Әйелдер

Ерлер

Әйелдер

Қазақстан

70

77

63

60

7

17

АҚШ

74

80

67

65

7

15

Канада

80

84

65

65

15

19

Бразилия

71

79

65

62

6

17

Чили

77

83

65

60

12

23

Италия

81

86

67

67

14

19

Германия

78

83

65

65

13

18

Франция

78

84

62

62

22

16

Ұлыбритания

78

82

66

66

12

16

Норвегия

77

83

62

62

15

21

Зейнет жасын не үшін көтереді?

Соңғы онжылдықтарда кейбір елде зейнет жасын жыл сайын көтеру үрдісі пайда болды. Франция, Кытай, Ресейге теңдес, бұл реформа Қазақстанда да енгізілді. Қазір ҚР-да ерлер зейнетке – 63 жаста, ал әйелдер 60 жаста (2021 жылы) шығады. Заңға сәйкес, әйелдердің зейнеттік жасы жыл сайын 10 жыл ішінде 6 айға дейін өсіп отырады (2027 жылға дейін).

Серіктестер жаңалықтары