Еліміздің бірқатар өңірінде табиғи апат орын алған сәттен бері менің атыма достас мемлекеттердің басшыларынан жылы лебіздері мен көмек көрсету жөнінде ұсыныстары жазылған хаттар келіп түсіп жатыр. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram-дағы ресми парақшасында жазды.
«Қазақстан жойқын су тасқыны кезінде жәрдем беруге дайын екенін білдіргені үшін достас елдерге шын жүректен алғыс айтады. Менің тапсырмам бойынша Премьер-Министр бастаған республикалық штаб төтенше жағдайдың салдарын барынша азайту үшін пәрменді шаралар қабылдап жатыр. Зардап шеккен барлық азаматқа қажетті көмек көрсетілуде. Олардың бүкіл шығындары өтеледі. Бірде-бір адам назардан тыс қалмайтынын жуырда отандастарыма арналған үндеуімде айттым. Апатқа қарсы күрес жалғасуда», – деп жазды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев,
Сондай-ақ, ол су тасқыны кезінде бірлік таытқан қазақстандықтарға алғыс білдірді.
Оқи отырыңыз: Мәжіліс депутаты су тасыған аймақтардағы биылғы мектеп түлектеріне тегін оқу грантын беруді ұсынды
«Қиын-қыстау кезде халқымыз өзін тағы да ең жақсы қырынан танытып, бірлік пен төзімділіктің үлгісін көрсеткені қуантады. Қазақстан азаматтарына шын жүректен алғыс айтамын!», – деді ол.