Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшысы кеңесінің отырысына қатысып жатыр. Президент
"Географиялық тұрғыда мемлекеттердің байланысы, көлік-транзит әлеуеті, нарықтың ауқымдылығы мен экономикалардың бірін-бірі толықтыруы ШЫҰ-ның басымдығы саналады. Осыған қарамастан, ШЫҰ аясында 20 жылдан астам уақыттан бері бірде-бір ірі экономикалық жобаны жүзеге асыру мүмкін болмады. Жобаны қаржылық қолдау механизмдерінің болмауы – мұның айқын факторы", – деді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев осыған байланысты үкімет басшыларының кеңесіне бірлескен инвестициялық қор құру мүмкіндігін қарастыруды тапсыруды және осы маңызды жоба бойынша ұсыныстар айтуды ұсынды.
"Әлемдегі қаржы институттарының үздік тәжірибелерін меңгерген "Астана" халықаралық қаржы орталығы ШЫҰ-ның аймақтық жобаларына тікелей және портфельді инвестиция құюды ынталандыру үшін тиімді платформа бола алады", – деді мемлекет басшысы.
Оның айтуынша, ШЫҰ-ның экономикалық күн тәртібі мынадай міндеттерге бағытталуға тиіс.
- өзара сауданы ұлғайту үшін қолайлы жағдай жасау;
- қазір бар сауда кедергілерін жою;
- бірлескен кәсіпорындарды іске қосу.
Президент бірлескен күш-жігер арқылы ұйымның инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін ұйымға экономикалық преференциялар базасын құруға кірісуге болатынын да айтты.
ШЫҰ мүшелерінің отырысы бейнеконференция форматында өтіп жатыр. Отырыс қорытындысы бойынша ұйымға төрағалық жасау Қазақстанға өтеді.