Президент шәкіртақысының бұл саладағы саны – 25.
Мәдениет және спорт министрлігі "2023 жылға арналған Қазақстан Республикасы президентінің стипендиясын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу туралы" бұйрығын дайындады. Құжат Ашық НҚA сайтына жарияланды.
Шәкіртақы мына университеттер арасында бөлінеді:
- "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне 4 шәкіртақы;
- "Қазақ ұлттық өнер университеті" республикалық мемлекеттік мекемесіне 12 шәкіртақы;
- "Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне 4 шәкіртақы;
- "Халықаралық туризм және қонақжайлық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамына 4 шәкіртақы.
Оқи отырыңыз: 2023 жылы студент қалай 115 мың теңге стипендия ала алады? Шәкіртақы түрлеріне шолу
Айта кетейік, биыл президент стипендиясы төрт министрлік арасында бөлінеді. Олар:
- Ғылым және жоғары білім министрлігі – 2002 (оның жетеуі магистратураға);
- Мәдениет және спорт министрлігі – 25 (оның біреуі магистратураға);
- Денсаулық сақтау министрлігі – 6;
- Ауыл шаруашылығы министрлігі – 45.