Тікелей эфир

2023 жылы студент қалай 115 мың теңге стипендия ала алады? Шәкіртақы түрлеріне шолу

2023 жылы колледж бен ЖОО-да білім алушылар 20 мыңнан 224 мыңға дейін стипендия алады.

Жыл сайын Қазақстанда мыңдаған білім гранты бөлініп, талапкерлер колледждер мен жоғарғы оқу орындарында тегін білім алуына жағдай жасалады. Білім грантына ие болған студент әр ай сайын мемлекеттен белгілі бір мөлшерде стипендия алып отырады. Мемлекеттік стипендия студенттің оқу үлгерімі мен әлеуметтік санатқа жатуына байланысты көтермеленеді. 

2023 жылы студенттер алатын стипендия сомасы қандай? Жоғарылатылған және президенттік стипендияға кімдер үміткер бола алады? Информбюро порталы Findhow сайтына сілтеме жасай отырып осы сұрақтарға жауап береді.

Мемлекеттік стипендия түрлері мен олардың мөлшерлері үкіметтің № 116 қаулысына сәйкес бекітіледі. 

Стипендия түрлері:

  • ең төменгі стипендия;
  • жоғарылатылған стипендия;
  • президенттік стипендия.

Мемлекеттік білім грантына ие болған ЖОО студенттері ғана емес, сонымен қатар кәсіптік-техникалық оқу орындарында (колледждер, кәсіптік-техникалық лицейлер) оқитын білім алушылар да стипендия алуға үміткер бола алады.

Стипендия ақшасы Қазақстанның кез келген банкінде ашылған шотқа ай сайын аударылып отырады. Банк картасын ашу әр банктің жұмыс тәртібіне байланысты, кейде 45 күнге дейін созылуы мүмкін. Сондықтан алғашқы стипендия түскенше картаны ертерек ашу керек.


Оқи отырыңыз: Студенттер шәкіртақысы 2030 жылға дейін 4 есе артады


Ең төменгі стипендия

Ең төменгі стипендияны алу үшін негізгі шарт – білім беру грантын жеңіп алу. Ол үшін талапкер ҰБТ (КТА) немесе оқуға түсу емтиханында грантқа қажетті балл жинауы керек.

Стипендияны оқу біткенше үздіксіз алу үшін студент әр сессиядан "өте жақсы" немесе "жақсы" деген бағамен аяқтауы керек. Студент пәндердің кем дегенде біреуінен "қанағаттанарлық" деген баға алса, келесі емтихан сессиясына дейін стипендия алмайды.

Жазғы каникул кезінде стипендия жазғы сессияның қорытындысы бойынша шілде айының соңында екі айға (шілде және тамыз) бірден төленеді.

Ең төменгі стипендияның ай сайынғы мөлшері:

  • колледждер мен кәсіптік-техникалық оқу орындарының студенттері – 20 948 теңге (жұмысшы біліктіліктері бойынша – 21 787 теңге);
  • ЖОО студентері – 36 660 теңге;
  • педагогика бағытында білім алатын студенттер – 58 800 теңге;
  • "Денсаулық сақтау" бағытында білім алатын студенттер – 58 800 теңге;
  • интерндер – 66 403 теңге;
  • магистранттар – 86 987 теңге;
  • "Назарбаев университеті" АҚ магистранттары – 162 500 теңге;
  • докторанттар – 195 000 теңге;
  • "Денсаулық сақтау" бағытындағы резидент-дәрігерлерге және магистранттар – 100 036 теңге.

Қазақстанда стипендия мөлшерін арттыру жоспарланып отыр. Ол туралы осы материалдан оқуға болады: 

Емтихан сессиясының нәтижелері бойынша барлық пәнді тек "үздік" деген бағаға тапсырған студенттердің стипендиясына 15% қосылады. Сессия нәтижесінде бір сабақтан болсын "жақсы" деген бағадан төмен баға алса стипендия жоғарыламайды. 

Жоғарылатылған стипендия мөлшері: 

  • колледждер мен кәсіптік-техникалық оқу орындарының студенттері – 24 090 теңге;
  • ЖОО студенттері – 42 159 теңге;
  • педагогика бағытында білім алатын студенттер – 67 620 теңге;
  • "Денсаулық сақтау" бағытында білім алатын студенттер – 67 620 теңге;
  • интерндер – 76 363 теңге;
  • магистранттар – 100 035 теңге;
  • "Назарбаев университеті" АҚ магистранттары – 186 875 теңге;
  • докторанттар – 224 250 теңге;
  • "Денсаулық сақтау" бағытындағы резидент-дәрігерлерге және магистранттар – 115 041 теңге.

Белгілі бір әлеуметтік топтарға жататын студенттерге де (мүгедектер, жетімдер және т.б.) жоғары стипендияның бірнеше түрі қарастырылған. 

  • Көру және есту қабілеті жағынан мүгедектігі бар студенттер – 75%. Колледждер мен кәсіптік-техникалық оқу орындарының студенттері – 36 659 теңге, ЖОО студенттері – 64 155 теңге.
  • Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілгендер – 50%. Колледждер мен кәсіптік-техникалық оқу орындарының студенттері – 31 422 теңге, ЖОО студенттері – 54 990 теңге.
  • Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және азаматтардың қамқорлығындағы балалар – 30%. Колледждер мен кәсіптік-техникалық оқу орындарының студенттері – 27 232 теңге, ЖОО студенттері 47 658 теңге алады.

Президенттік стипендия ерекше сіңірген еңбегі үшін ЖОО студенттеріне ғана тағайындалады және студенттерді ғылыми-зерттеу қызметімен айналысуға ынталандыруға, ең талантты және дарынды студенттер мен магистранттарға қолдау көрсетуге, сондай-ақ зияткерлік әлеуетті қалыптастыруға жәрдемдесуге бағытталған.

ҚР президентінің стипендиясы күндізгі бөлімде оқитын кемінде 700 студенті бар ірі ЖОО-ларға ғана бөлінеді.

Президенттік стипендия күндізгі оқу нысанының студенттеріне 3-курстан бастап және магистранттарға 2-курстан бастап "үздік" (А, А-) білім алушыларға мемлекеттік білім беру гранты, сондай-ақ ақылы негізде де тағайындалады.

Президент қорынан төленетін стипендияға үміткер бола алады: 

  • республикалық және халықаралық олимпиадалар, шығармашылық конкурстар, спорт жарыстарының, фестивалдардың жеңімпаздары, ғылыми жаңалықтар, өнертабыстардың авторлары;
  • республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда, ғылыми еңбектердің жинақтарында жарияланымдары барлар;
  • жетістіктері дипломдармен, мақтау қағаздарымен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми-зерттеу жұмысымен белсенді айналысатындар;
  • білім беру ұйымдарының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсенді қатысатындар.

Президенттік стипендия университет ректорының бұйрығымен оқу жылында бір семестрге тағайындалады. Дегенмен ғылыми кеңестің шешіміне сәйкес бір студентке қайта тағайындалуы мүмкін.

Президенттік стипендия мөлшері (екі еселенген ең төменгі стипендия):

  • студенттер – 73 320 теңге;
  • магистранттар – 173 974 теңге.

Басқа өңірлерде тұратын колледждер мен кәсіптік-техникалық оқу орындарының, ЖОО студенттері мен магистранттары үшін жол жүру төлемдері қарастырылған:

  • Колледж студенттеріне жылына екі рет 2 АЕК мөлшерінде төленеді. 2023 жылы –  6900 теңге.
  • Колледж түлектеріне жылына бір рет 2 АЕК мөлшерінде төленеді. 2023 жылы –  6900 теңге.
  • ЖОО студенттері мен магистранттарына жылына екі рет 4 АЕК мөлшерінде төленеді. 2023 жылы –  13 800 теңге.
  • ЖОО даярлық бөлімшелерінің тыңдаушыларына жылына бір рет 4 АЕК мөлшерінде төленеді. 2023 жылы –  13 800 теңге.
  • ЖОО түлектеріне жылына бір рет 4 АЕК мөлшерінде төленеді. 2023 жылы –  13 800 теңге.

Жолақы білім алушыңа ақпан мен маусым айында қолма-қол беріледі не төлем картасына аударылады.

Серіктестер жаңалықтары