Тікелей эфир

Президент сайлауын мыңға жуық тәуелсіз бақылаушы қадағалайды

Haq қоры халыққа сайлаудың қалай өткені туралы есеп береді.

20 қарашада өтетін президент сайлауында мыңға жуық тәуелсіз бақылаушы саяси науқанның ашық та әділ өтуін бақылайды. Бұл туралы Haq қоғамдық қорының атқарушы директоры Тоғжан Қожалы Астана қаласында белсенді, ерікті жастармен және қоғам белсенділерімен кездесу барысында хабарлады.

Бұл қор кезектен тыс президент сайлауына тәуелсіз бақылау жүргізетін бірден бір ұйым. Қор белсенділері мұндай жауапты міндетті биыл төртінші рет орындайды.

Тоғжан Қожалының айтуынша, мың шақты азамат Қазақстанның 11 аймағында сайлау учаскесінде саяси доданы бақылайды. Бақылаушылардың басым бөлігі Алматы мен Шымкент қалалары (әрбірінде 200 адам), Алматы мен Жетісу облыстары (жалпы 150 адам), Ақтөбе облысы (150 адам), Астана қаласы мен Маңғыстау облысы (әрбірінде 100 адам) және Қарағанды облысында (70 адам) жұмыс істейді.

Haq қоғамдық қорының баспасөз мәслихаты

Оқи отырыңыз: 


"Тәуелсіз бақылау – демократиялық қоғам құру үшін керек.  Сайлауға тәуелсіз байқаушылар көптеп  қатысса, саяси науқан әділ өтеді. Ол үшін әр сайлау учаскесінде 2 байқаушы болу керек.  Ел бойынша 12 мыңнан астам сайлау учаскесі бар, сондықтан 20 мыңнан астам байқаушыны жұмылдыруымыз керек", – деді Тоғжан Қожалы. 

Haq қоры халыққа, шетел елшіліктеріне, ЕҚЫҰ ұйымына сайлаудың қалай өткені туралы есеп беруді жоспарлап отыр.  

Серіктестер жаңалықтары