Тікелей эфир

Президент сайлауы күні 20 мыңнан астам полиция қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

Республика бойынша 10 102 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

Ішкі істер министрлігі 20 қараша күні республика бойынша 20 мыңнан астам полиция қызметкері қауіпсіздікті қамтамасыз ететінін хабарлады. Олардың ішінде 14 мыңнан астамы ІІО қызметкерлері болса, олардан бөлек, 7 мыңға жуық патрульдік полиция қызметкері, 2,5 мың басқа қызмет өкілдері және 4 200 Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қызметке тартылады.

"Құқыққа қарсы ақпараттың таралуының алдын алу және оны жедел түрде теріске шығару мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарының, интернет-ресурстарының және әлеуметтік желілерінің тұрақты мониторингі жүргізілуде" делінген ІІМ хабарламасында.

Сондай-ақ құқық қорғау қызметкерлері қауіпсіздік сақтау үшін фото-бейне түсірілім құралдарымен жабдықталған криминалистік топтар құрады. Ал полиция қызметкерлері бейнетіркегіштер мен дрондармен жабдықталады.


Оқи отырыңыз: Президент сайлауын мыңға жуық тәуелсіз бақылаушы қадағалайды


 

Серіктестер жаңалықтары