Қасым-Жомарт Тоқаев Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан азаматтар есімінің көпшілікке мәлім болатынын айтты.
"Қаза болған азаматтардың тізімі жарияланады, көпшілікке мәлім болады. Аталған тізімде лаңкестік топтың деп айтуға болатын шығар, сол тараптың жағында жүріп қаза болғандардың саны өте көп. Бұл туралы бұған дейін де айтқанмын. Олар мемлекеттік құрылымымызды ыдыратқысы келді", – деді президент.
Сондай-ақ, ол мемлекетқа қарсы шыққан топқан қатысы жоқ азаматтардың да көз жұмғанын айтты.
Оқи отырыңыз:
- Алматы облысында ғасыр жасаған кейуана референдумда дауыс берді
- Атырау перзентханасында жас босанған аналар дауыс берді
- Алматы әкімі әйелімен бірге референдумда дауыс берді
"Бірақ мемлекетімізге табан астынан қарсы шыққан топтарға қатысы болмаған адамдар да бар. Әрине, қайғырып, көңіл айтамыз. Ақтауға келмейтін әрекеттерге барған әскери қызметшілердің барлығы жауапкершілікке тартылады. Тергеу жүріп, баллистикалық сараптамалар өтіп жатыр. Бәрі айқындалатын болады", – деді мемлекет басшысы.