Зейнелхан Оспанова – 12 құрсақ көтерген алтын алқа иегері.
Алматы облысында Жаркент қаласының тұрғыны Зейнелхан Оспанова референдум учаскесіне келіп, өз дауысын берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"Ұрпақтарым аман болсын, жастар жасасын! Қазақстанымыздың жақсы азаматы болып өссін! Қазағымыздың саны көбейе берсін! Жаркентіміз көркейе түссін!" – деді 100 жастағы кейуана.
12 құрсақ көтерген алтын алқа иегері соңғы 30 жылдағы әр сайлау мен референдумның есінде қалғанын айтады.
Дәстүр бойынша алғашқы дауыс берген адамға естелік сыйлық табысталды.
Еске салсақ, сағат 10.00-дегі ақпарат бойынша, республика бойынша тізімге енгізілген азаматтардың 28,59 пайызы бюллетень алды.
Оқи отырыңыз:
- Елде 8 072 учаске дауыс беру үшін ашылды
- Референдум: Жапония мен Кореядағы учаскелер бірінші болып өз жұмысын бастады
- Референдум: Жапония мен Кореядағы учаскелер бірінші болып өз жұмысын бастады