Тікелей эфир

Полицияға 6 мың теңге пара беремін деп, енді 67 мың теңге айыппұл төлейді

Көлік жүргізушісі енді өмір бойы мемлекеттік қызметке орналаса алмайды.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты полиция қызметкеріне пара бермекке оқталған азаматқа қатысты үкім шығарды.

Ю. есімді азамат жол жүру ережесін бұзып, жазадан құтылуы үшін полицияға 6 мың теңге пара ұсынған. Ол ақшаны полиция көлігінің орындықтарының арасына салады.

Айыпталушы сотта өз кінәсін толық мойындап, оған өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, 67 500 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

"Сот жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәні мойындауын, шын жүректен өкінуін, жас балаларының болуын және соттылығының жоқтығын таныды. Жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ", – делінген сот хабарламасында. 


Оқи отырыңыз: "Ертіс орманы" басшысы пара алды деген күдікке ілінді


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары