Тікелей эфир

Петропавлда жол ережесін 68 рет бұзған жүргізуші 700 мың теңге айыппұл төлейді

Бастапқыда айыппұлдың жалпы сомасы 1,5 млн теңгені құраған.

Петропавлда қараша мен сәуір айларында 68 рет жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізуші анықталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

“Мегакам.Қорғау" қосымшасын пайдаланып, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушіні тоқтатты. Жүргізуші өткен жылдың қарашасынан бастап жылдамдықты 68 рет асырып, тоқтау сызығынан өтіп кеткен. Жүргізушінің Lada Priora автокөлігі шетелде есепте тұрған. Айыппұлдың жалпы сомасы 1,5 миллион теңгені құрады. Бірақ 35 жастағы шетелдікке қысқартылған тәртіппен 700 мың теңгеден астам айыппұл салынды.

"Облыста жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды автоматты түрде тіркеудің 35 бейне жүйесі жұмыс істейді. Аппараттық-бағдарламалық кешендер жол-көлік оқиғаларын жиі тудыратын бағдаршамның тыйым салу сигналына өту, аялдама желісі мен жылдамдық режимін бұзу фактілерін анықтайды. Жыл басынан бері СҚО жолдарында 20 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды, – деді әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары