Тікелей эфир

Түркістанда жол ережесін бұзатындарды дрон анықтайды

Жол апаттарының көбі көліктің жолдың қарсы бетіне шығып кетуінен болады.

Түркістан облысында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау үшін дрон қолданыла бастады. Бұл рейд барысында құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға септігін тигізеді, деп хабарлады Otyrar.kz.

Полицейлер дронды Кентау қаласына кіреберіс жерде профилактикалық рейд кезінде қолданды. Нәтижесінде көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзған, қарсы қозғалыс жолағына шыққан және автокөлікті құжатсыз басқарған көлік жүргізушілері анықталып, шара көрілді. Атқарылған жұмыстар негізінде тәртіп сақшылары мұндай тәжірибе оң нәтиже көрсетіп жатқанын айтады.

"460-ден астам жол-көлік оқиғасы орын алды. Оның ішінде облыста қарсы қозғалыс жолағына шығудың 47 дерегі тіркелген. Жолдың қарсы бетіне шығып кеткендіктен апаттар көп тіркеліп жатыр. Соған байланысты облыс балансындағы дронды қолданып қарсы бетке шыққандарды анықтап жатырмыз. Көлікті тоқтатып, дәлелді көрсетіп, хаттама толдырып жатырмыз", – деді Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Алмасхан Тастанбеков.


Оқи отырыңыз: Жол белгілерін жақсы білесіз бе? Жүргізушілерге арналған тест


 

Серіктестер жаңалықтары