Өңірлерге үздік педагогтерді тарту бағдарламасына ұстаздар келесі жылы да тапсыра алады. Өйткені, бұл бағдарлама 5 жылға созылады, деп мәлімдеді ҚР оқу-ағарту министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.
"Биыл байқауға қатыса алмаған ұстаздар келесі жылы құжатын тапсыра алады деп ойлаймыз. Себебі бұл бағдарлама 5 жылға созылады. Бірінші жыл біз үшін де, ұстаздар үшін тәжірибе болайын деп тұр. Келесі жылы да бұл бағдарлама өз жалғасын табады деген ойдамыз", – деді Гүлмира Кәрімова.
Мұнымен қатар, комитет төрайымы қандай жағдайда конкурстан өткен ұстаздардың өңірге барудан бас тарта алатынын айтты. Барғысы келетін өңірді ұстаздың өзі таңдайды.
Оқи отырыңыз: Аймағамбетов: Мектепте дебат, кітап оқумен қатар шахматты да дамыту қажет
"Денсаулығына байланысты мұғалімдер жұмыстан бағдарлама жүретін аймақтарда ғана емес, жалпы басқа жерлерде де шығып кетуі мүмкін. Онкологиялық ауру және т.б. тізімдер бар. Сол тізімдегі себептің бірі болса, онда, әрине, шартты бұзамыз. Сол себепті өңірлерге барар алдында ұстаздар құжатпен қоса денсаулығына қатысты анықтамаларды өткізеді. Комиссия мүшелері психологиялық жағдайын да тексереді", – деді комитет төрайымы.
Сондай-ақ, ол маман жетіспейтін төрт өңірде тұратын ұстаздардың да осы бағдарламаға қатыса алатынын атап өтті.
"Тұрғылықты тұратын жеріне қарамастан барлық мұғалім осы бағдарламаға қатыса алады. Мысалы, Атырау облысында қалада тұратын ұстаз ауылға немесе сол өңірдің шалғай ауданына барып жұмыс жасай алады", – деді Гүлмира Кәрімова.
Оқи отырыңыз: Жалақы 2,5 есе көп: Өңірлерге үздік педагогтерді тарту бағдарламасы басталды
Жауапты мамандардың байланыс дерегі мен құжат тапсыруға арналған электрондық мекенжайлары
Өңір | Call-орталық | Call-орталық үшін жауапты маман | Құжат тапсыру мекенжайы |
Алматы облысы | 8 (7282) 32 94 16 8 (778) 265 28 77 8 (747) 502 85 38 |
Төлеубекова Арайлым Ақсубайқызы |
almustaz@mail.ru |
Атырау облысы | 8 (7122) 35 43 27 8 (700) 088 01 51 8 (775) 974 21 89 |
Айдарханова Надежда Талғатқызы | arnauly_atyrau@mail.ru |
Маңғыстау облысы | 8 (7292) 57 12 16 8 (747) 728 02 90 |
Төленжанова Назым Дәуренқызы | m.kuzhatkabyldau@mangystau.gov.kz |
Түркістан облысы | 8 (7253) 35 94 37 8 (707) 684 71 00 8 (776) 165 83 83 |
Тасполатова Салтанат Бақытқызы | Sanat.obl@mail.ru |