Тікелей эфир

Павлодар облысында қараусыз жүрген 180 жылқының иесі жауапқа тартылды

Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін 17 азамат жауапқа тартылды.

Полиция тұрақты негізде автожолдарда, ауылдық округтерде және қысқы жайылымдарда иесіз жүретін малдың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары мен рейдтер жүргізеді. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

"Ертіс – Русская поляна автожолында учаскелік инспектор бақылаусыз жайылып жүрген 180 бас жылқыны анықтады. Олар апатты жағдай туғызды. Тағы бір жағдайда Ертіс ауылында мал иесі жылқыларды қараусыз жіберген, олар ауылды аралап жүрді, осылайша абаттандыруды бұзып, басқа ауыл тұрғындары үшін қолайсыздық туғызды. Тұрғындар бұл факті туралы полицияға хабарлады. Құқық тәртібінің сақшылары ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін оларға қатысты әкімшілік материалдар толтырды", – деді Павлодар облысы Ертіс ауданы жергілікті полиция қызметінің бастығы Әнуар Арынғазинов.

Айта кетейік, жыл басынан бері Павлодар облысында жұмыс істеп тұрған 146 мамандандырылған айыппұл тұрағына 630 мал орналастырылды. Олар облыстың автожолдарында қараусыз жүрді.


Оқи отырыңыз: Ғылыми зерттеуге 682 млн теңге бөлінді. "Адай" қазақ жылқысы жеке тұқым болып танылады


 

Серіктестер жаңалықтары