Тікелей эфир

Ғылыми зерттеуге 682 млн теңге бөлінді. "Адай" қазақ жылқысы жеке тұқым болып танылады

Бағдарламаны іске асыру аясында жылқылар халықаралық аренаға шығуы мүмкін.

"Адай" қазақ жылқысы жеке тұқым ретінде танылады, деп мәлімдеді үкімет басшысы Әлихан Смайылов депутаттар жолдаған сауалдың жауабында.

Бұған дейін сенат депутаты Бекбол Орынбасаров "Адай" қазақ жылқысын жеке тұқым ретінде тану және оған ресми мәртебе беру мәселесін көтерген болатын.

"2024-2026 жылдарға арналған "Адай қазақ жылқылары мен Қостанай тұқымының салт мініс қасиеттерін сақтау және жетілдіру" ғылыми-зерттеу бағдарламасын іске асыру қолдау тапты. Қаржыландыру көлемі 3 жылға 682,5 млн теңгені құрайды", – деді Әлихан Смайылов.

Бағдарламаны іске асыру аясында жылқылар халықаралық аренаға шығуы мүмкін.

"Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" заңға және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес Адай жылқысы тұқымын тану жүзеге асырылатын болады. Яғни, асыл тұқымды ресурстарды дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді", – деді Әлихан Смайылов.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары