Тікелей эфир

Павлодар облысында балық аулауға шыққан тұрғын көз жұмды

Ер адамның денесі 13 сағат іздестіруден кейін табылды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ауыл тұрғыны 42 жастағы туысы бір күн бұрын қарда жүретін көлікпен балық аулауға шығып, қайта оралмағанын хабарлаған. Бұл туралы Pavlodarnews.kz жазды.

"Іздеу шараларына дереу полицияның жеке құрамы жұмылдырылды. Сондай-ақ қызметтік иттермен кинологтар, еріктілер қосылды. Тікұшақ техникасын қолдана отырып, іздестіру ұйымдастырылды", – деп жазылған хабарламада.

Тікұшақпен іздестіру нәтижесінде ер адамдың денесі Ақтоғай ауылындағы Ертіс өзенінің жайылмасынан үш шақырым жерде табылды.


Оқи отырыңыз: "Сенбі-жексенбі мыңдаған көлік келіп, саят құрады". Депутат Іле мен Балқаш сағасында аң аулауға мораторий жариялауды сұрады


Болжам бойынша, боранда  бағдарынан айырылған тұрғын көліктен құлап, астында қалып қойған.

Серіктестер жаңалықтары