Ең көп жүлде иеленген өңір – Алматы қаласы – бір күміс, төрт қола.
Париж Олимпиадасының қорытындысы бойынша Қазақстан 8 медальмен 43-орынға тұрақтады.
Егер жүлде алған спортшылар қатысқан өңірлер бойынша сараптайтын болса, тек төрт өңір спортшыларына ғана Олимпиада медалі бұйырды. Олар:
- Жамбыл облысы: Елдос Сметов – алтын медаль;
- Алматы қаласы: Нариман Құрбанов – күміс медаль, Ислам Сәтпаев пен Александра Ле, Ғұсман Қырғызбаев және Назым Қызайбай – қола медаль;
- Астана қаласы: Нұрбек Оралбай – күміс медаль;
- Алматы облысы: Демеу Жадыраев – күміс медаль.
Еске салайық, биыл Париж Олимпиадасына Қазақстанның Қостанай, Ұлытау және Маңғыстау облыстарынан өзге өңірлері өз спортшыларын (жалпы саны 80) аттандырды. Оның ішінде Алматы, Астана және Шымкент қалаларынан 13-тен спортшы Париж Олимпиадасына қатысты.
Оқи отырыңыз:
- Париж Олимпиадасына спортшы жібермейтін үш облыс қайсы
- Қазақстан Париж Олимпиадасын 7 медальмен қорытындылады