Ораза-2025: ҚМДБ підия садақасының мөлшерін белгіледі

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Підия садақасын ораза ұстауға шамасы келмейтіндер береді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Шоқанов биылғы підия садақасының мөлшерін жариялады. Ол бір адамның күнделікті (таңғы және кешкі) тойып ішетін асының құны ретінде есепке алынады және биыл 3520 теңге болып бекітілді. 

"Бұған шамасы келмегендер оразаның әр күніне пітір садақасының құнын береді" делінген ҚМДБ хабарламасында. 

Еске салайық, бұған дейін пітір садақасының мөлшері мен 2025 жылғы ораза кестесін жариялағанбыз. 


Оқи отырыңыз:


Пітір садақаның мөлшері бидай немесе ұн және мейізден жарты сағ (2 кг), ал арпа мен құрмадан бір сағ (4 кг), яки осылардың ақшалай құны беріледі.

"Осыған орай 2025 жылғы Рамазан айындағы бір адам үшін берілетін пітір садақа мөлшері 2 келі ұнның нарықтық орташа бағасымен есептеліп, 655 теңге етіп белгіленді. Дегенмен бай, ауқатты адамдар пітір садақаны 2 келі мейізбен (5626 теңге) немесе 4 келі құрмамен (10 523 теңге) бергені жақсырақ", – деп жазды Сансызбай Шоқанов. 

Пітір садақаны берудің уәжіп уақыты айттың бірінші күні. Оны Рамазан айының бірінші күнінен бастап беруге болады. Уақытында бере алмаған жағдайда айт намазынан кейін берсе де болады. Алайда пітірді айт намазына дейін беру – мұстахаб.  

Серіктестер жаңалықтары