Үндеу "Қариялар – дәстүрімнің қазығы" тақырыбында өткен форумда қабылданды.
Қожа Ахмет Ясауидің 930 және Түркістан облысының 5 жылдық мерейтойына орай өткен «Қариялар – дәстүрімнің қазығы» форумында Шымкент қаласы мен Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарының ақсақалдары үндеу қабылдады, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі.
Үндеу арқылы ақсақалдар қазақстандықтарды:
- Түркістан қаласының қасиетті мәртебесі мен беделін сақтап, халықты жамандық атаулыдан, атап айтқанда, арақ-шарап ішуден, құмар ойыннан, кісі ақысын жеуден, қылмыстық істерден аулақ болуға;
- жастарды ұлттық салт-дәстүр, тәлім-тәрбие негізінде баулуға;
- ел ішінде мәдениет пен парасатты, тазалық пен адалдықты насихаттап, ізгі қоғам құруға шынайы, дәйекті атсалысуға шақырды.
Форумда үндеуді ғалым Досай Кенжетай оқып берді.
Оқи отырыңыз: Түркістан – "Екінші Мекке" атануға, әлемдік туризм ордасына айналуға лайық