Тікелей эфир

Түркістан – "Екінші Мекке" атануға, әлемдік туризм ордасына айналуға лайық

"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының мұрағатынан
"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының мұрағатынан
Діни және тарихи киелі орын саналатын Түркістанды әлемдік туризм Меккесіне айналдыра аламыз ба? Не кедергі? Үкімет неге құлықсыз?

"Екінші Мекке" атанған қасиетті өлке

Түркістан – күллі түркі халықтарына ортақ, әлемге әйгілі қасиетті де киелі мекен. Бұл ең алдымен Ислам дінін таратушыларының бірі, сопылық ілімнің негізін қалаушы, ғұлама дегдар, әулие тарихатшы, ақын, философ Қожа Ахмет Яссауи бабамыз жерленген өңір.

Түркістан – араб, қытай, парсылар мен еуропалықтар көз тіккен "Ұлы жібек жолының" ортасындағы ең үлкен қала, күллі түркі жұртының тарихи астанасы.

Түркістанда жүздеген хандарымыз бен билеріміздің, батырларымыз бен ақындарымыздың, әулие-әмбиелеріміздің мазарлары бар. Бабалар сөзімен айтқанда Түркістан – түмен бап жатқан киелі қабірстан.

Оқи отырыңыз: Елімізде шетелдіктерге туристік жарна төлеу міндеттеледі

Сонымен бірге, Түркістан қазақ хандығының және басқада сұлтандықтар мен хандықтардың астанасы болған орда жұрты.


Тайқазан

Тайқазан / Фото informburo.kz


Тайқазан – қасиетті, құнды жәдігер. Бұл қазан 1399 жылы 25 маусымда (хижра 801 жыл, 20 шаууал) Түркістан қаласының батысында, 27 шақырым жерде орналасқан Қарнақ елді мекенінде, сирек кездесетін жеті асыл металдың (мырыш, жез, қола, қорғасын, мыс, күміс, темір) қоспасынан құйылған. Қазанның салмағы 2 тонна, сыйымдылығы 3 мың литр, биіктігі – 1,60, диаметрі – 2,42 метр. Тұғырының биіктігі – 0,54, диаметрі – 0,607 метр.

Оқи отырыңыз: Мың дәретхана жобасы. Қазақстан туристік державаға айнала ма?

Түркістанның қасиетті діни орын саналуы әсіредіншілдерге ұнамайды

Түркістан – Әбу-Ханифа мәзхабын ұстанған түркі жұртының қасиетті діни орталығы саналды. Әсіресе, Қожа Ахмет Яссауи қалыптастырған сопылық ағым осы Түркістан арқылы әлемге тарады.

Сопылық – даналық жолы ретінде Аллаға құлшылықтың діни мистикалық бағыты болып қалыптасты. Ниет пен амалдың тәбиғи тазалыққа құрылған мистикалық бағытын жан мен тәннің тәрбиесін, Құдайдың құдіретін жүрек көзімен көруге жетелеген қарапайым таныммен түркі жұртын тоғыстырар идеялогия ретінде түсіндірілді. Осылайша Яссауи жолын қуған тарихатшылар адамзат әлемінің даналыққа бастар бекеті ретінде танылды.

Оқи отырыңыз: Балалар туристік пойызы іске қосылады. Ал Kids go free жобасы Мәжіліс қарауында

Яссауи ілімі – қарапайым кемелділікті қалыптастыруды дәріптеді. Сонымен бірге бабаларымыздың көзіндей болып тарихтан жеткен зәулім ескерткіштер, қабірстандар мен қорымдар, аңыздар мен тарихи жұрнақтар Түркістаннің абыройын асқақтатып тұр.

Бұл дін тонын жамылған саяси бүлдірушілер мен кейбір әсіредіншіл топтардың мүддесі мен түсінігіне қайшы келді. Діни бөлшектеушілік арқылы араб әлемін қанға бөктіріп, халқын торғайдай тоздырған зымиян топтар да ел ішінде қаптап кетті.

Әсіредіншілдер салт-дәстүрлер мен түрлі тарихи танымға, жөн-жосыққа қарсы шығып, елдің көңіліне алаңдаушылық тудырып отыр.

Мұндай діни топтар матруди сеніміне күмән келтіріп, қарапайым халықтың түсінігіндегі киелі мазарлар мен мекендерге жасаған зияратты "Аллаға серік қосу" деп санайды. Кесенелерді құрту ниеттері де болды.

Тіптен, Досай Кенжетай бастаған Яссауи танушылар, танымал діни ғалымдар, саясаткерлер ЮНЕСКО-ның әлемдік мұрасы "Қожа Ахмет Яссауи кесенесі" қатарлы киелі орындарды қорғау үшін көмек те сұрағаны белгілі.

Оқи отырыңыз: Қазақстан ішкі туризмнен жылына $20 млрд жоғалтады дейді мамандар

Қазір үкімет бұл ағымдарға жұмсақ саясат қолданып отырғанын айту керек. Себебі, барлық проблемаларды бейбіт, ақырындап, сабырлықпен шешуге көшкен.


Қожа Ахмет Ясауи қабірі

Қожа Ахмет Ясауи қабірі / Жеке мұрағаттан


Қожа Ахмет мавзолейінде кімдер жерленген

Бұл өте үлкен сұрақ.

Атақты Әмір Темірдің пәрменімен салынған Арыстан бап, Қожа Ахмет Яссауи кесенелері мен басқа да жүздеген мазарларда тегі түркі, сүті қазақ бабаларымыз жерленген.

Қожа Ахмет кесенесі – діни ғұламалар мен әулие-әнбиелерді, хандар мен билерді, батырлар мен ақындарды, атап айтқанда халық үшін өзін арнаған тұлғаларды жерлеген үлкен қабірстан (пантеон). Енді бір жағынан сол бабалардың ғақлиялы өмірі мен ұлағатты іздерін ұрпақтарға жеткізетін идеологиялық ілім ордасы. Және аруақтарға арнап құран-хатым түсіретін, өлім мен өмірді еске түсіріп, нәпсіні тиюды, құдайды тануды дәріптейтін діни орын.

Міне осындай Түркістан өлкесі күллі түркінің көз тіккен жауһары атанып, әр пенде барып көруді армандайтын орталыққа айналды. Рухани ордамызға айналды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда дизайнерлер мен туризм мамандары жетіспейді

Берік Байболов, "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының ғылыми қызметкері:

– Қазір біздегі тарихи мәліметтер бойынша Түркістанда 21 хан жерленген. Еңсегей бойлы Ер Есімнен бастап, Әбілмәмбет, Тәуке, Жәңгір, Әбілпейіс, Барақ, Бөкей, Абылай сынды хандар бар. Ал мұнда жерленген батырлардың моласының саны отыздан асты. Мысалы Бөгенбай батыр, Жәнібек батырлар. Билерден қаз дауысты Қазыбек би бабамыз да сонда жатыр. Қазбек би мен Абылай ханның құлпытасы толық сақталған.

Түркістанның киіз кітабы қайда?

Берік ағамыздың айтуынша, бертінге дейін Қожа Ахмет бабамыздың ұрпақтарының қолында терімен қапталған үлкен киіз кітап болғаны туралы ақпарат бар. Ол кітапта кімнің, қай күні, қай бөлмеге жерленгені туралы мәліметтер тіркелген.

Өкінішке қарай, XIX ғасырда Қоқан хандығы Түркістанды жаулап алғаннан кейін өз биліктерін нығайту үшін Қожа Ахмет бабамыздың ұрпақтарын кесенеден аластатқан.

Оқи отырыңыз: Медициналық ішкі туризм науқастарға қашан көмекке келеді?

Тіптен кей отбасылардың құдықтарына у салып жіберіп, құртып отырған екен. Осы зобалаңда киіз кітап жоғалған. Ол Қоқан хандығының пәрменімен жойылған немесе ұрпақтары тығып тастаған болуы мүмкін. Әйтеуір осы уақытқа дейін ол кітап табылмады.

Киіз кітапта үш жарым мыңнан астам адамның жерленгендігі жазылған тізім болған. Біз ол тізімді қалпына келтіру үшін бүкіл республикадағы ауданнан жоғары дәрежелі газеттерге хабарландыру бердік.

"Қожа Ахмет кесенесінде жерленген тарихи тұлғалар бойынша деректер болса, бізге жіберіңіздер" деген өтініш жасадық. Сол арқылы тізімді толықтыруға тырыстық. Сол кезде өз бабаларының жерленгені туралы көптеген азаматтардан өтініш келіп түсті.

Мысалы, Ерейментауда Бөгенбайдың сөресі деген жер бар. Берік мырзаның айтуынша, Бөгенбай батыр бабамыз қайтыс болғаннан кейін денесін сол жерге қойған. Себебі қыс қатты болған, жерлеуді кейінге қалдырған. Күн жылынғаннан кейін киізге орап, Түркістанға жерлеуге жеткізген".

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылы Қожа Ахмет кесенесінің алдына үлкен ескерткіш салынды. Оған сол кесенеде жерленгендігі белгілі 181 адамның аты-жөні қашап жазылды.

Оқи отырыңыз: Ұлтыңды танығың келсе, жеріңді таны


Қожа Ахмет кесенесінің мәкеті

Қожа Ахмет кесенесінің макеті / Жеке мұрағаттан


Қытай императоры Чян Лоңның (Цяньлун) Абылай ханға қорқып жазған хаттары бар

Қазақ хандығының қытай, орыс, парсы, араб елдерімен дипломатиялық байланысы өте жоғары деңгейде болғанын дәлелдейтін Абылай ханның хаттары бар.

Бұны орыс, қытай мұражайларынан табылған деректер дәлелдеп отыр.

"Көшпенділер" тарихи-мәдени иниститутының директоры, тарихшы ғалым Ирина Ерофеева бұл салада өте қомақты мәліметтер беріп отыр. Жарты ғұмырын архивте өткізген ғалым сонау Кеңес Одағы кезінің өзінде Қазақ хандығын зерттеді. Тіптен Қазақ хандығына қатысты 800-ден астам хат пен мөрлерге түсініктеме жасаған.

Тот-мұңғұл тілінде жазылған хаттардың бірінде қытайдың Чин (Цин) мемлекетінің Чян Лоң (Цян Лун) патшасының Абылай ханға жазғаны бар. Хатта жоңғар қалмақтармен соғысып, оларды шекарадан қуып, шығарып жібергені туралы жазылыпты. Көптеген қытай ауылдарын Абылай әскерлерінің таптап кеткені айтылады.

Оқи отырыңыз: "Жошы Ханды зерттеу кезек күттірмейтін маңызды жұмыс". Алтын Орда тарихы жаңадан зерттеледі

Алайда қытай патшасы қытай ауылдарын Абылай әскерлері таптап кетсе де түсіністікпен қарайтынын, дипломатиялық байланысқа оның сызат түсірмейтінін айтып, хат жолдаған. Міне бұдан Абылай ханның күші мен беделінің өте жоғары болғанын көруге болады.


Абылай ханның қытай императоры Чян Лоңға тот-мұңғұл тілінде 1767 жылы жазған хаты

Абылай ханның қытай императоры Чян Лоңға тот-мұңғұл тілінде 1767 жылы жазған хаты / Фото informburo.kz


"Төрт қақпалы Түркістанның" XVIII ғасырдағы картасы

XVIII ғасырдағы Түркістан қаласының картасын еуропалық жиһангездер К.Миллер мен Д.Г.Мессершмидтің экспедициясы салып, сызба соңына тамшыға ұқсас Тәуке ханның мөрін бастырып алған екен. Картада мешіттер христан храмдарының белгісімен беріліпті. Түркістанның қамалдары, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, керуен-сарайы, хан ордасы, айнала аққан өзен мен 4 қақпасы да анық көрсетілген. К.Миллер мен Д.Г.Мессершмидтің 1743 жылғы құжаттарынан алынған.

Құжат кейін еуропа архивінен табылып, көшірмесі елге әкелінді.

Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, тарихта Түркістан "төрт қақпалы" аталыпты. Яғни, Мүсәлла, Тақия, Жеті ата, дарбаза атты төрт қақпасы болған. Картада осы төрт қақпа толық сипатталған.


Тәуке ханның мөрі басылған Түркістан қаласының сызбасы. 1743 жылғы құжаттардан алынған

Тәуке ханның мөрі басылған Түркістан қаласының сызбасы. 1743 жылғы құжаттардан алынған / Фото informburo.kz


Қабанбай батырдың сапысы туралы қос дерек

Мұражайдағы тағы бір құнды жәдігер – Қаракерей Қабанбай батырдың сапысы. Мұражай қорында "Қабанбай батырдың қанжары" деген атпен тіркелген сапыны 1980 жылдары Өзбекәлі Жәнібеков атамыз тапсырыпты.

Бұл туралы Саттар Ерубаев аындағы музейдің қызметкері Ердос ҚОНЫС қалдырған деректе былай делінген:

"Қанжар Қабанбайдікі делінгенімен, музейдегі құжаттардан оны дәлелдейтіндей ешбір дерек табылмады. Тек, қанжарды музей қорына Қазақстанның халық суретшісі Сахи Романовтың (27/ХІІ-1978, акт №35) тапсырғаны туралы ғана мәлімет бар.

Оқи отырыңыз: Өзбектер Төле биді "Қалдирғоч би" деп неге атайды?

Сонда "қанжар Қабанбайдікі" деген сөз қайдан шыққан? Тарих – бұлтартпас дәлелді қажет ететін ғылым. Алайда, "жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайтыны" тағы бар.

Осындай дейді, дейдімен біз көңілдегі күдікті сейілту үшін, осы 2001 жылдың 15 қаңтарында Әзірет Сұлтан музейінің сол тұстағы бас қор сақтаушысы, ҚазССР-іне еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, өз деңгейінде жазушы-драматург әрі ақын Орынбай Дастанов ақсақалға жолыққанды жөн санадық.

Ол кісі: "Қанжарды Қабанбайдың ұрпағы, халық суретшісі Сахи Романовтан алып, өзінің өтінішімен белгілі қоғам және мәдениет қайраткері Ө.Жәнібеков 1980 жылдары әкеп тапсырды. Ол кісілер жалған айтпайды ғой. Сондықтан, балам, бұны еш күдіктенбестен Қабанбайдың қанжары деп жаза бер", – деп естелік қалдырыпты.

"Қаракерей Қабанбай батыр" тарихи-мәдени қорының төрағасы Камал Әбдірахманов: "1991 жылы батыр бабамыздың 300 жылдық мерейтойында Өзбекәлі Жәнібек ағадан осы сапы туралы сұрадым.

Өзбекәлі ағамыз: "Қабанбай батыр 1723 жылдары уақытша болса да Түркістанға хан сайланған. Бұл Түркістанды Абылай тастап кеткен жылдар еді. Сол кезде хан талапайдан қолға ілінген сапыны аталарым сақтапты. Кейін маған тапсырды" деп куәлік берді. Қасымда сол кездегі Алматы облысы әкімі Сағынбек Тұрсынов бастаған көптеген адамдар болды. Солардың алдында осындай жауап алдым", – деді.

Оқи отырыңыз: Тәңір – қазақтың құдайы ма, әлде ескі дәуір тарихы ма?

Қалай болмасын батыр бабамыздан қалған әр нәрсені елге жеткен тәбәріктей қабылдап, бабалар рухын жаңғыртатын рухани дүние екенін ескеретініміз анық.


Қаракерей Қабанбай батырдың сапысы қынымен

Қаракерей Қабанбай батырдың сапысы қынымен / Фото informburo.kz


Сұлтандар мен хандардың мөрі ұқсас болмаған

Мұражайда сақталған өте құнды жәдігерлердің бір тобы – түп нұсқадан көшірме жасап алынған хандар мен сұлтандардың мөрлері. Жүзік етіп ойылған мөрлердің дәлме дәл көшірмелері көп нәрсені аңғартады. Бұлардың түп нұсқалары қазірше табылмай отыр. Мүмкін ұрпақтарында бар шығар. Ал мөрлер орыс архивтерінен алынып, қалпына келтірілген.

Бір қызығы осы мөрлер туралы зерттеген ғалымдар кей тұлғалардың бір емес, екіден мөрлері болғанын дәлелдеп шықты. Мысалы, Абылай ханның және Бөкей ханның екі мөрі, яғни, сұлтан кезіндегі мен хан кезіндегі мөрлері бір-біріне ұқсамайды.

Оқи отырыңыз: Өзі билеген Самарқанда Жалаңтөс баһадүрге ескерткіш жоқ

Тиындардағы "Әділ хан" сөзі нені білдіреді?

Берік Байболов: "Мұражайда әр дәуірдің тиындары сақталған. Түркі, соғды, бұхар, хорезм, шайбанидтер, теммуридтер мен шағатай ұлысының тиындары бар. Бұл тиындардың барлығында дерлік хандар мен қалалардың аты, ғасыры, жылы жазылған.

Бұл саланы көп зерттеген Бұрнашева Райхан апамыздың айтуынша, Түркістанда табылған тиындардың барлығында "Яссы", "ғасыр" және "Әділ хан" деген жазу бар екен. Алайда Түркістанда Әділ деген хан ешқашан болмаған.

Бұл туралы Райхан апа: "әр ханның тұсында өз тиындары шығарылып отырған. Бірақ бәрінде "Яссы", "Әділхан" деп жазылған. "Яссы" – қала аты екені түсінікті. Ал "Әділ хан" деп жазудағы басты себеп: "Түркістан қасиетті дініи орын болғаннан кейін онда хандық еткен тұлғалардың бәрі "әділ" болу керек деген қағиданы меңзейді" – деп түсіндірді.

2002 жылы қазбадан табылған Қазақ хандығы кезінде жасалған тиындарда да осы тәртіп сақталыпты.

Естеріңізге сала кетейік, қорында 25 мыңға жуық жәдігері бар еліміздегі іргелі қорық-мұражай 2017 жылы 30 маусымда Экспо-2017 көрмесіне орай, Астанадағы ҚР Қарулы Күштері Әскери-тарихи музейінде өз құнды жәдігерлерін халыққа ұсынды. Көрме 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы – Қожа Ахмет Ясауи (Әзірет Сұлтан) құрметіне арнап ХIV ғасырдың соңында Әмір Темір салдырған кесене негізінде 1978 жылы "Республикалық Қожа Ахмет Ясауи кесенесі сәулет ғимарат– музей" ретінде ашылды. 1989 жылы Қазақ ССР Министрлер кеңесінің №256 қаулысымен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» болып, 2015 жылы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» РМҚК болып қайта құрылды.

Қорық-мұражай аумағында мемлекеттік актпен алынған тарихи-мәдени ескерткіштердің жалпы жер көлемі 2306,383 га. Құрамында 207 тарихи-мәдени ескерткіш бар. Олардың ішіндегі 1 халықаралық, 16 республикалық, 14 жергілікті маңызға ие болса, 171 ескерткіш алдын-ала есепке алу тізімінде.

Түркістан неге өз рөлін сәулелендіре алмай отыр?

Түркістан туризмінің әлеуетін әлі түсінбей отырмыз. Қазір бұндай дайын туризм кластерін құру үшін шетелдерде миллиардтаған қаржы салынуда. Ал Түркістан – дайын туризм ордасы. Тіпті, "Жібек жолының", "Батыс Қытай – Батыс Еуропа" тасжолының бойында тұр. Қалыптасқан қатынас жүйесі бар.

Оқи отырыңыз: Өзбекстандағы қазақтардың басым бөлігі тарихи Отанына көшкілері келмейді

Шын мәнінде түркі жұртына ортақ салт-дәстүр мен бағзы дүние таным – әлемдегі туризмнің дамуына әсер ететін маңызды факторға айналып бара жатыр. Мысалы, Мұңғұлиядағы Бүркітшілер, Қырғыздарда өтетін "Көшпенділер спартакиядасы" және Венгрияда өтетін "Құрылтай" этно-мәдени шарасын атауға болады.

Түркістан қажылық жасайтындардың да қызығушылығын тудырып, ағылатын діншілдердің көбеюіне ықпал етуі мүмкін. Қазір бұлар өз беттерімен келіп-кетіп жүр. Ресей, Еуропа, СНГ, Түркия елдерінен жылына жүз мыңдаған туристер келеді. Басым көпшілігі діни зиярат ету үшін келгендер. Негізінде, дін мен тарихи сабақтастықты, этнографияны байланыстыра дәріптеу арқылы келушілерді бірнеше есеге көбейтуге болады. Бірақ тарихи салт-дәстүрді жаңғырту діннің көлеңкесінде қалмауы керек.

Қысқасы, Түркістанның жеткілікті менеджмент жүйесі мен қолайлы инфраструктурасын жасау керек.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары