Мемлекет басшысы облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларын бекіту туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлады Ақорда сайты.
Қаулыға сәйкес, ҚР президенті ұсыну негізінде облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімі лауазымына кемінде екі кандидат ұсынады. Дауыс беруге қатысқан депутаттардың дауыс санының көпшілігін алған кандидат келісім алған болып есептеледі.
Егер кандидаттар бірдей дауыс санын жинаған болса, санақ комиссиясы аталған кандидаттар арасында қайта дауыс беруді өткізу туралы шешім қабылдайды.
Қаулының толық мәтінімен Ақорда сайтында танысуға болады.
Оқи отырыңыз: Қошанов: Біз конституциялық өзгерістерді жүзеге асыру кезеңіне көшеміз