Тікелей эфир

Қошанов: Біз конституциялық өзгерістерді жүзеге асыру кезеңіне көшеміз

Мәжіліс төрағасы депутаттарды ортақ іске жұмылып, бір кісідей атсалысуға шақырды.

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов депутаттарға президент реформаларын халыққа түсіндіруге зор үлес қосқаны үшін алғыс білдірді. Оның айтуынша, депутаттар күніне 250-ге жуық кездесу өткізді.

"Бұл референдумның ел болашағы үшін тарихи маңызы зор. Халқымыз өз тағдырын өзі айқындады. Бірлігі бекем ел екенін күллі әлемге паш етіп, болашаққа нық сеніммен қадам басты. Бірлік пен сенім – "Жаңа Қазақстанның" негізгі тірегі. Халқымызда ертеңге деген сенім бар, ауызбірлік бар, татулық пен тұрақтылық бар", – деді Ерлан Қошанов.

Ол сонымен бірге алда маңызды әрі ауқымды жұмыс күтіп тұрғаны еске салды.

"Біз конституциялық өзгерістерді жүзеге асыру кезеңіне көшеміз. Сондықтан ортақ іске жұмылып, бір кісідей атсалысуға тиіспіз. Конституциялық реформа құқықтық жүйені толық жаңғыртуға мүмкіндік береді. Сондықтан депутаттар әлемдік тәжірибені ескере отырып, тиімді құқықтық және сот жүйесін құру үшін тиісті заңнамаға өзгерістер енгізуі қажет", – деді мәжіліс спикері.


Оқи отырыңыз: Конституцияға референдумда қабылданған өзгерістер күшіне енді


 

Серіктестер жаңалықтары