USDUSD: 499.7 / 503.7
  • EUREUR: 522.0 / 527.0
  • RUBRUB: 5.29 / 5.41
Тікелей эфир
Алматы -1C
  • -1°C Алматы
  • -7°C Астана
  • +2°C Ақтау
  • -9°C Ақтөбе
  • -5°C Атырау
  • -6°C Балқаш
  • -10°C Жезқазған
  • -7°C Қарағанды
  • -5°C Көкшетау
  • -2°C Қостанай
  • +1°C Қызылорда
  • -9°C Павлодар
  • -4°C Петропавл
  • -8°C Семей
  • -2°C Талдықорған
  • +4°C Тараз
  • +3°C Түркістан
  • -12°C Орал
  • -7°C Өскемен
  • +3°C Шымкент
Алматы -1C
  • -1°C Алматы
  • -7°C Астана
  • +2°C Ақтау
  • -9°C Ақтөбе
  • -5°C Атырау
  • -6°C Балқаш
  • -10°C Жезқазған
  • -7°C Қарағанды
  • -5°C Көкшетау
  • -2°C Қостанай
  • +1°C Қызылорда
  • -9°C Павлодар
  • -4°C Петропавл
  • -8°C Семей
  • -2°C Талдықорған
  • +4°C Тараз
  • +3°C Түркістан
  • -12°C Орал
  • -7°C Өскемен
  • +3°C Шымкент

Конституцияға референдумда қабылданған өзгерістер күшіне енді

Қазақстан Ата Заңының 33 бабына 56 өзгерту енгізілді.

5 маусымда өткен референдумда Қазақстан Конституциясына мемлекет азаматтарының қолдап дауыс беруімен қабылданған өзгертулер күшіне енді. Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң "Егемен Қазақстан" басылымында 8 маусымда жарияланды.

Дауыс беруге 7 985 769 адам (дауыс беру құқығы бар азаматтардың 68,05%-ы) қатысып, олардың 77,18 пайызы Конституцияға өзгерістер енгізуді қолдап дауыс берді.

Конституцияға енгізілген өзгерістердің негізгілері: 

  • Қазақстан басқарудың суперпрезиденттік формасынан мықты парламентке ие президенттік формаға көшеді;
  • президенттің туыстарына жоғары мемлекеттік қызметтерді атқаруға тыйым салынады;
  • жер мен жер астындағы байлық халыққа тиесілі болады;
  • қазақстандықтар өз бетінше Конституциялық сотқа жүгіне алады;
  • Қазақстанда өлім жазасы болмайды;
  • мәжілістің депутаттық корпусы аралас сайлау жүйесі бойынша қалыптасады;
  • сенаттағы президенттік квота қысқарады, мәжілістегі ҚХА квотасы жойылады;
  • мажоритарлық жүйе сайлаушылардың қалауы бойынша депутаттың өкілеттігін тоқтатуға мүмкіндік береді.
Серіктестер жаңалықтары