
Депутат Ринат Зайытов Мәжіліс отырысында ауыл мәселесін тағы көтерді. Оның айтуынша, , соңғы 5 жылда Шығыс Қазақстан облысында 350 ауыл, Солтүстік Қазақстан облысында 635, Павлодар облысы бойынша 352 ауыл бос қалды. 2024 жылдың өзінде-ақ Солтүстік Қазақстан облысында 141 ауыл мәртебесінен айырылған.
"Үкіметтің "Ауыл – ел бесігі" және Amanat партиясының "Ауыл аманаты" деген ауыл тамырына қан жүргізетін, сәтті бағдарламалары ұсынылып жатыр, оларды тіпті енгізді де. Нәтижесі де жаман емес. Бірақ, бір-екі бағдарлама Қазақстанның барлық ауылдарын гүлдендіріп жібере алмайды. Күні кеше ғана Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы өзінің қорытынды сөзінде ауылдық аймақтарды жан-жақты дамытуға арналған мемлекеттік қолдау шараларының бәрін, яғни "Ауыл аманаты", "Ауыл – ел бесігі" және тағы басқа бағдарламаларды бір бағдарламаға біріктіру дұрыс шешім болатынын айтты", – деді Ринат Зайытов.
Осы ретте алдағы уақытта Абай облысы Аягөз ауданында тағы 10-нан астам ауыл жабылғалы жатқанын алға тартқан мәжіліс депутаты үкімет басшысынан ауыл әкімдерінің пәрменін күшейтуді, ауылдарды ауыл шаруашылығы техникасымен қамтуды, ауылға қоныс аудару бойынша мемлекеттік комиссия құруды және ауылдық жерлерге жастарды тұрақтандыру және қоныстандыруға бағытталған жұмыс жоспарын құрып, оны ауылдық жастарға жеткізуді ұсынды.
Оқи отырыңыз: Мәжіліс депутаты сотталған әйелдерге амнистия жариялауды сұрады