Тікелей эфир

Мұсылмандар үшін қасиетті Мәуліт айы басталды. Ораза ұстау міндет пе?

Ал қасиетті Мәуліт мерекесі биыл 26-27 қыркүйекке сәйкес келеді.

Мұсылман жыл санауы бойынша Мәуліт айының басталуына орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазақстандық мұсылмандарды мерекеме құттықтады.

Мәуліт айы Мұхаммед пайғамбардың дүниеге келген айы. Діни мерекелер күнтізбесіне сәйкес, оның туған күні биыл 26-27 қыркүйекпен тұспа-тұс келеді.


Оқи отырыңыз: ҚМДБ 2023 жылғы діни күндер кестесін жария етті


Ислам діні бойынша, бұл мерекенің маңызы Мұхаммед пайғамбардың өмірін насихаттау, жастарды имандылыққа, адамгершілікке және жақсылыққа тәрбиелеуге негізделеді.

"Мәуліт айы – Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірін, сауапқа толы сүннет амалдарын халыққа насихаттаудың, дініміздің асыл құндылықтарын дәріптеудің таптырмас мүмкіндігі. Бұл айда мешіттерде Аллаға мадақ, Пайғамбарымызға салауат айтылып, мәуліт жыры оқылады", – деп жазды бас мүфти.

Мәуліт айында ораза ұстап, ауыз бекіту міндетті емес. Мұсылмандар үшін ораза міндеттелген ай – Рамазан айы.

Серіктестер жаңалықтары