Оған сәйкес, келесі Рамазан айы 2023 жылғы 23 наурызда басталады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2023 жылғы діни күндер кестесін бекітті, деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Күнтізбе Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалған. Дегенмен, пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді.
Жария болған кестеге сәйкес, 2023 жылы Рамазан айы 23 наурыз бен 20 сәуір аралығына сәйкес келеді. Қадір түні – 17/18 сәуір.
Ал Құрбан айт 28-30 маусым аралығында мерекеленеді.