Мемлекет басшысы VIII шақырылым парламентінің бірінші сессиясында елді қарқынды дамыту үшін сапалы заңнамалық база қалыптастыру керек екенін айтты.
"Тіпті, бірқатар шаруаны кейінге қалдыруға, кейбір мәселелер бойынша алдағы шешімдердің тек жобасын белгілеуге тура келеді. Әйтпесе, еңбегіміз зая кетеді және онсыз да шектеулі ресурстарымыз желге ұшады.Алдағы бес жыл ел тағдыры шешілетін маңызды кезең болмақ. Елімізді қарқынды дамыту үшін сапалы заңнамалық база қалыптастыру керек. Ол үшін экономикаға қажетті ережелер мен қағидаларды өзгерту қажет. Бұл бағытта алғашқы қадамдар жасалды. Монополиядан арылту және елімізден заңсыз шығарылған капиталды қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірақ бұл экономикалық құрылымның базалық моделін еш өзгертпейді. Бұл елімізге орнықты, бәсекеге қабілетті ірі бизнес керек емес дегенді білдірмейді. Керісінше, қажет екені сөзсіз.Ірі бизнес біздің жаңа экономикалық парадигмада жаңаша жұмыс істей бастайды әрі міндетті түрде дамиды. Жалпы, ашық әрі өзін-өзі қамтамасыз ететін нарықтық экономика қалыптастыру басты басымдық болып қала береді", – деді президент.
Оқи отырыңыз:
- Президент "Қазақстанның халық әртісі" атағын қайтаратынын айтты
- Тоқаев: Ғылымды жан-жақты дамыту үшін жаңа заң қабылдау керек
- Мемлекет басшысы: Алдағы бес жыл ел тағдыры шешілетін маңызды кезең болмақ