Тікелей эфир

"Мектепте орын жоқ". Атыраудағы бір ауданның тұрғындары баласын қайда оқытарын білмей отыр

Тұрғындар қыстыңгүні балаларды мектепке тасу тіпті қиын болатынын айтады.

Атырау облысындағы мыңнан астам халық қоныстанған "Жұлдыз-3" ықшам ауданының тұрғындары баласын қайда апарып оқытарын білмей отыр. Айтуларынша, аудандағы жалғыз мектепте орын жоқ, деп хабарлады 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.

Арнаның хабарлауынша, "Жұлдыз -3" ықшам ауданында 500-ге жуық отбасы тұрады. Әр үйден кемі 2-3 баладан мектепке барады. Алайда аудандағы жалғыз білім ұясында орын болмағандықтан, жұрт баласын шалғайдағы мектептерге тасуға мәжбүр. 

"Сабақтың басталуына жеті күн қалды, балаларымызға баратын мектеп жоқ. Екі балам автобусқа мініп, сонау 1-2 сағаттық жердегі мектепке барады.Оның өзінде көлік соңына дейін апармай, тастап кетеді", – дейді қала тұрғыны Бибігүл Сатқанғалиева.

Тұрғындар қыстыңгүні балаларды мектепке тасу тіпті қиын болатынын айтады.

"Баламызды сонау Ақжарға тасимыз. Барып келу өте қиын. Ертең алда аяз күндер, дауыл күндер де өте қиын. Мынау, "Жұлдыздың" басында мектеп бар, оған біздің балдарды алмайды. Өйткені онда орын аз, ал мектеп толық", – дейді тұрғын Әлия Сабырғалиева. 

Тұрғындардың айтуынша, ауданда көпбалалы ана көп тұрады. Алайда, балабақша да, мектеп те жоқ екенін айтып, мәселені шешіп беруді талап етіп отыр.


Оқи отырыңыз: Аймағамбетов: Мектептерде 250 мыңнан астам орын тапшылығы бар


Қалалық әкімдіктегілердің айтуларынша, ауданға жаңа мектепті алпауыт мұнай компаниясы салып береді. Ол үшін 2,5 миллиард теңге бөлмек.

"Атырау қаласындағы"Жұлдыз-3" ықшам ауданында 600 орындық мектептің құрылысын салу үшін жобалық сметалық құжат дайын. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды. Құрылыс жұмыстарын бастау 2023 жылға жоспарланып отыр", – деп түсіндірді Атырау облыстық құрылыс басқармасының бөлім басшысы Күлән Құлбаева. 


Оқи отырыңыз: "Сүріп тастау керек". Түркістан облысында оқушылар апатты мектепте білім алуға мәжбүр


 

Серіктестер жаңалықтары