
Парламент мәжілісінің депутаттары жаңа Салық кодексінің жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
76 депутат жобаны қолдады, ал жеті халық қалаулысы Салық кодексінің жобасын қолдаудан бас тартты. Тоғыз мәжіліс депутаты қалыс қалды, біреуі дауыс берген жоқ.
Жаңа кодексте ҚҚС (қосылған құн салығы) төлеудің шегі 40 млн теңге деңгейінде белгіленген, мөлшерлемесі – 16%.
Кейбір салалар ҚҚС төлеуден босатылған. Әлеуметтік сала мен денсаулық сақтау саласында үкімет ҚҚС-тан босатылған дәрі-дәрмектердің әлеуметтік тізімін жасайды. Тек ақылы медициналық қызметтерге салық салынады, ҚҚС мөлшерлемесі 10% болады.
Оқи отырыңыз: Елде салық есептілігі 30% қысқарады – Ұлттық экономика министрі
Әлеуметтік салада корпоративтік табыс салығын кезең-кезеңімен енгізеді: 2026 жылдан бастап – 5%, 2027 жылдан бастап 10% мөлшерінде. Сондай-ақ, банк операцияларына ҚҚС салуға кіріседі.