Әлеуметтік маңызы бар дәрілердің ҚҚС-тан босатылған тізімі жасалады – Жұманғарин

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Қосылған құн салығы тек ақылы медициналық қызметтерге салынады.

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Салық кодексіне қандай өзгерістер енгізу ұсынылып отырғанын баяндады. Жоба өткен жылғы қыркүйектен бастап қаралып жатыр. Биыл оған тұжырымдамалық түзетулер енгізілді. 

Министрдің айтуынша, келесі өзгерістердің маңызы зор:

  • Бірінші – қосылған құн салығы 16% болады.
  • Екінші – қосылған құн салығының шегі. Қосылған құн салығы бойынша шек 40 млн теңге мөлшерінде белгіленеді.
  • Үшінші – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, кітап басып шығару, археология – қосылған құн салығын төлеуден босатылады.

"Төртінші – әлеуметтік салада, денсаулық сақтау саласында үкімет қосылған құн салығынан босатылған дәрі-дәрмектердің әлеуметтік тізімін айқындайтын болады. Қосылған құн салығы тек ақылы медициналық қызметтерге салынады. Қосылған құн салығының мөлшерлемесі 10% болады. Әлеуметтік саладағы корпоративтік табыс салығы – 2026 жылдан бастап 5% және 2027 жылдан бастап 10% болады", – деп түсіндірді Серік Жұманғарин. 


Оқи отырыңыз: Енді ұшағыңыз уақытында ұшпай қалса, жолаушыға өтемақы төленеді


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары