Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы №6 мектепте 26 миллион теңгенің бюджеттік бұзушылықтары анықталды, деп хабарлады Жоғары аудиторлық палатасының баспасөз қызметі.
Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің аудиторлары анықтаған заңбұзушылықтардың қатарында жалақының көтерілуі, сондай-ақ жекелеген қызметкерлерге негізсіз төлем жасалғаны бар. Сондай-ақ іссапар тапсырмаларын орындамау фактілерін анықтап, бірқатар жағдайларда жол жүру құжаттарының дұрыс ресімделмегені анықталды.
"Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша бюджет қаражатын өтеу және бухгалтерлік есепті қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдау тапсырылды", – деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыз: Шымкентте мектеп басшылығы қомақты қаржы жымқырды деген күдікке ілінді
Сонымен қатар, палата құзырлы органдарға аталған заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесін қарауды тапсырды.