Тікелей эфир

Костенко шахтасынан 46-шы кеншінің денесі табылды: іздеу жұмыстары аяқталды

Кеше кешке тау-кен құтқарушылары апат болған Костенко атындағы шахтадан 46-шы кеншінің денесін тапты.

Оны шамның батареясындағы жеке нөмірі арқылы таныды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кеше кешке Костенко шахтасында тау-кен тазарту кеншісі Прокудин Александр Валерьевичтің денесі табылды. Ол – қаза болған 46 шахтерлердің бірі. Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі оның денесінің бір бөлігі табылғанын хабарлаған болатын, бірақ сараптама қажет болды.

"6 қараша күні сағат 20:00-де Костенко атындағы шахтадан қаза тапқан 46-шы шахтердің денесі табылып, жер бетіне шығарылды. Қажетті сараптамалар жүргізілді. Іздестіру жұмыстарына "Кәсіби әскери авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы" ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушылары жұмылдырылды. Іздеу жұмыстары тәулік бойы жүргізілді", – деп жазылған хабарламада.

Шахтаның қызметкерлері хабарлағандай, соңғы қаза тапқан кеншіні шамның батареясындағы жеке нөмірінен таныған.


Оқи отырыңыз: Костенко шахтасында қаза тапқан кеншілердің толық тізімі жарияланды


 

Серіктестер жаңалықтары