Тікелей эфир

Костенко шахтасында қаза тапқан кеншілердің толық тізімі жарияланды

"АрселорМиттал Теміртау" бас директоры компания қайғылы оқиғаға қатысты жеке тергеу жүргізетінін айтты.

Metallurgy Today газетіне Костенко атындағы шахтада қаза тапқан кеншілердің толық тізімі жарияланды.

  • Әбілов Айбек Нұрғалиұлы
  • Бобряшов Сергей Владимирович
  • Семсерхан Есдәулет
  • Жылтыров Амангелді Ерғалиұлы
  • Ещенко Леонид Николаевич
  • Киселев Сергей Александрович
  • Крайнов Олег Викторович
  • Сальников Анатолий Владимирович
  • Шатаев Аманкелді Мейрамұлы
  • Сапаргалиев Аскат Бауржанович
  • Қамиев Олжас Ерғазыұлы
  • Сосновский Тимур Викторович
  • Мордасов Виталий Анатольевич
  • Крикунов Павел Александрович
  • Петренко Владимир Ильич
  • Югай Александр Викторович
  • Прокудин Александр Валерьевич
  • Мұсабеков Әсет Қанатұлы
  • Кочмар Сергей Николаевич
  • Алиякпаров Куандык Серикович
  • Деревянко Виктор Николаевич
  • Арусланов Денис Геннадьевич
  • Калимуллин Дамир Радикович
  • Гудз Дмитрий Казимирович
  • Котвицкий Сергей Геннадьевич
  • Катаман Владимир Мирославович
  • Николаенко Юрий Леонидович
  • Баринов Сергей Валерьевич
  • Сайфутдияров Альберт Рифович
  • Магиев Жанболат Темірғалиұлы
  • Есенқұлов Дамир Нұрисламұлы
  • Шулевский Михаил Леонидович
  • Богатырев Илья Константинович
  • Леушин Владимир Геннадьевич
  • Жанзақов Айзат Айханұлы
  • Мельников Иван Владимирович
  • Неверов Александр Викторович
  • Малдакасов Асют Аханович
  • Адамбаев Ерболат Мұратұлы
  • Силам Берденбек
  • Кривоногов Евгений Викторович
  • Орақбаев Ақынжан Расбайұлы
  • Кадиров Ринат Мубаракзянович
  • Фазлов Марат Фаудинович
  • Поцелуев Вячеслав Валерьевич
  • Половинка Юрий Сергеевич

Оқи отырыңыз: "Қазаның орнын ешқандай өтемақы толтыра алмайды". "АрселорМиттал Теміртау" шахтадағы апат туралы мәлімдеме жасады


"АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры Владимир Яблонский компания қайғылы оқиғаға қатысты тергеуді бастаған мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеп жатқанын айтты. Компания апаттың себептерін анықтау үшін өз тергеуін жүргізеді және мұндай жағдай ешқашан қайталанбауы үшін бәрін жасайды.

"Виктор Викторович Гафиулов екеуміз мезгілсіз қайтыс болған әріптестеріміздің туған-туыстары мен жақындарына барып, көңіл айтып, қолдау көрсеттік. Олар үшін осындай өте қиын кезеңде материалдық және психологиялық көмек көрсетіледі. Оқиға кезінде 24 әріптес жарақат алып, ауруханаларда ем қабылдап жатыр. Оларға жан-жақты медициналық көмек көрсетіліп, қолдау көрсетілуде. Апат кезінде шахтада 252 адам болған. Бұл апат – әлі де көп нәрсе істеу керек екенін көрсететін ащы сабақ. Бұған бірнеше есе көп күш-жігер қажет", – деді Владимир Яблонский.

Серіктестер жаңалықтары