Костенко шахтасындағы 46 кеншінің өлімі: қылмыстық істі қарау басталды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Қайғылы оқиға нәтижесінде 46 кенші қаза болып, тағы 28 кенші жарақат алған болатын.

Қарағанды сотында Костенко шахтасындағы жарылысқа қатысты қылмыстық істі қарау басталды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

Бүгін "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Костенко атындағы көмір шахтасындағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды.

2023 жылғы 28 қазанда жерасты тазарту қазбаларында болған қайғылы оқиға салдарынан 46 кенші қаза болып, тағы 28 кенші жарақат алған. Сот отырысына мемлекеттік айыптаушылар, жәбірленушілер, олардың өкілдері, сотталушылар мен қорғаушылар қатысты.

Еске салайық, қылмыстық істі бас прокуратура тергеп, нәтижесінде шахта басшылығы мен инженерлік-техникалық қызметкерлердің қатарынан 10 адам сотқа тартылды. Барлығына ҚР қылмыстық кодексінің 277-бабының 3-бөлігі бойынша айып тағылды (тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу). Сотталушылар қамауда. Іс бойынша 74 адам жәбірленуші деп танылды. Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің "№61 мекеме" РММ ғимаратында қаралады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары