Қарағандыда Костенко атындағы шахтадағы жарылыстан кейін ауруханаға жеткізілген тоғыз кенші ауруханада ем қабылдауын жалғастыруда. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
"Бүгін ауруханада тоғыз кенші қалды. Қалғандары шығарылды. Барлығының жағдайы жақсы", – деп жазылған хабарламада.
28 қазанда апатты жағдай аймағындағы өрттен кейін "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына тиесілі Иван Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Апат кезінде шахтада 252 адам болса, оның 46-сы қаза болды.
Оқи отырыңыз: "Қазаның орнын ешқандай өтемақы толтыра алмайды". "АрселорМиттал Теміртау" шахтадағы апат туралы мәлімдеме жасады
Жарылыстан кейін 30-ға жуық кенші Қарағанды облысындағы ауруханаларға жеткізілді. Оларға жеңіл және орташа ауырлықтағы улы газбен улану, бас миының шайқалуы, түрлі сынықтар, травматикалық шок, контузия диагнозы қойылды.