"Қазгидромет" РМК синоптиктері 17 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Түркістан облысы
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Шымкент қ.: 17 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түркістан қ.: 17 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ұлытау облысы
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.
Қарағанды облысы
Қарағанды облысының батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.
Атырау облысы
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында 15-20, күндіз екпіні 17-22 м/с. Атырау қ.: 17 желтоқсанда түнде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстістігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Ақтөбе қ.: 17 желтоқсанда бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысы
Күндіз Маңғыстау облысының батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 17 желтоқсанда күндіз көктайғақ күтіледі.
Қостанай облысы
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстік жартысында екпіні 23-28 м/с. Қостанай қ.: 17 желтоқсанда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с.
Ақмола облысы
Ақмола облысында оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23 м/с. Көкшетау қ.: 17 желтоқсанда оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысы
Батыс Қазақстан облысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 17 желтоқсанда көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні 15-20 м/с.
Абай облысы
Түнде және таңертең Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысы
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Астана
Астана қ.: 17 желтоқсанда оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысы
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с, облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Петропавл қ.: 17 желтоқсанда күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с.
Жетісу облысы
Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20, Алакөл көлдері аудандарында кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында 25-28 градус қатты аяз күтіледі. Талдықорған қ.: 17 желтоқсанда түнде 25 градус қатты аяз күтіледі.
Жамбыл облысы
17-19 желтоқсанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, тәулік бойы 17 желтоқсанда, күндіз 18-19 желтоқсанда екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қ.: 17-19 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Қызылорда облысы
Қызылорда облысында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, түнде облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.