Қазақстанда қандай автожолдарды салу және жөндеу жұмыстары аяқталды

Жыл соңына дейін мемлекеттік бағдарлама аясында қолға алынған 12 мың шақырым жолдың 7 мыңы аяқталады.

2024 жыл Қазақстанның көлік инфрақұрылымын жөндеу, реконструкциялау және салу жөніндегі ауқымды жобаларды іске асырудағы маңызды кезең болды. Мемлекеттік бағдарлама аясында биыл 12 мың шақырым автомобиль жолдарын жөндеу және салу жұмысы басталды, оның 7 мың шақырымы жыл соңына дейін аяқталады, деп хабарлады Primeminister.kz сайты. 

  • Еліміздің негізгі өңірлері мен халықаралық көлік бағыттарын байланыстыратын төрт маңызды автожол дәлізін реконструкциялаудың аяқталуы жылдың басты жетістіктері ішінде ерекше көзге түседі.
  • Қазақстанның орталық және оңтүстік өңірлерін байланыстыратын маңызды буын саналатын Қарағанды – Алматы (879 км) автожолын ресонструкциялау аяқталды;
  • Қазақстанның шығысы мен оңтүстігі арасындағы көлік қатынасын қамтамасыз ететін Талдықорған – Өскемен (768 км) тас жолын рекнострукциялау аяқталды;
  • Батыс Қазақстанда көлік қатынасын жақсартуға ықпал ететін Ақтөбе – Қандыағаш (96 км) учаскесінде жұмыстар аяқталды;
    Қазақстанды Ресеймен байланыстыратын Атырау – Астрахан (212 км) автомобиль жолын реконструкциялаудың аяқталуы арқылы халықаралық көлік дәлізінің дамуына үлес қосылды.

"Жалпы, 2024 жылы жол құрылысының басқа салаларында да айтарлықтай прогреске қол жеткізілді. Жөндеу және реконструкциялау жұмыстары күрделі және орташа жөндеулерді, сондай-ақ жергілікті маңызы бар жолдардағы жұмыстарды қосқанда, 7,5 мың шақырымнан астам жолды қамтыды", – деп жазды Үкімет сайты. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары