Тікелей эфир

Көлікті мемнөмірсіз тізгіндесе – айыппұл салынады, қайталанса – жүргізуші куәлігінен айырады

Жаңа тәртіп 11 қыркүйектен бастап күшіне енді.

Көлікті мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінсіз қайта басқарғаны үшін жаңа құқық бұзушылық енгізілді, деп хабарлады Polisia.kz.

Алматы қаласы әкімшілік полициясының мәліметінше, көлік құралын мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінсіз қайта басқарғаны үшін жаңа құқық бұзушылық енгізілді.

ӘҚБтК-нің 590-бабының 2-1-бөлігінде 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі шара көзделген, мәселені қарау соттарға жүктеледі.

"Сонымен қатар, жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі бар көлік құралын басқарғаны үшін айыппұл түріндегі жаза алынып, 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу енгізілуде. Алғаш рет көлік құралын тоқтату туралы заң талабын орындамағаны үшін айыппұл 40 АЕК-ге дейін көтеріледі және әкімшілік жаза түріндегі баламалы жазаны енгізе отырып, 3 тәулікке дейін қамауға алу құзыретін соттардың қарауына береді", – деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Дәулет Сейтқұлов.


Оқи отырыңыз: Айыппұлды көбейту жол-көлік апаттарын азайта ма? Заңгер пікірі


Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды бұйрығына немесе талабына бағынбағаны үшін баптың санкциясынан "ескерту" алынып тасталды, айыппұл 30 АЕК-ге дейін өсті және 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу мерзімі белгіленді. Мұндай әрекетті қайталап жасағаны үшін 15-тен 20 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу көзделген.

Әкімшілік қамауға алу қолданылмайтын адамдарға қатысты айыппұл 50 АЕК-ге дейін өсті. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары